HUAWEI XMAGE Trend 2023 мобильді фотосурет трендінің есебі ұсынылды
Барселона қаласындағы мобильді дүниежүзілік конгресінде Huawei компаниясы 2022 жылы HUAWEI XMAGE іске қосылғаннан бері деректерді жинақтай отырып, HUAWEI XMAGE 2023 мобильді фотосуреттер трендінің алғашқы есебін шығарды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, әлемде жыл сайын 1,4 триллионнан астам фотосурет жиналды, оның 89%-дан астамы смартфон камерасында түсірілген.
Huawei компаниясының жаңа өнімдері технологиялық инновациялар, тұтынушылық тәжірибе және мәдени зерттеу секілді мобильді фотосурет индустриясының тенденцияларын нақты анықтайды.
Huawei Consumer BG стратегиялық маркетинг жөніндегі вице-президенті, HUAWEI NEXT IMAGE марапаттарының төрешісі Ли Чанчжу: «Бүгінде смартфондар қоғамда барған сайын маңызды рөл атқарып келеді. Ұялы телефондардағы суреттер қазіргі таңда адамдар арасындағы ортақ байланыс тіліне айналды. Біз технологиялық инновациялар арқылы күшті имидждік мәдениетті қалыптастыру арқылы жоғары пайдаланушы тәжірибесін жеткізу үшін бар күшімізді саламыз»
Конгресте Ли мырза «Mobile Image Insights» бойынша HUAWEI XMAGE есебін шығаратынын хабарлады. Жыл сайынғы марапатқа жолданған өтініштерді талдауда көрсетілген артықшылықтарға сүйене отырып, есеп Huawei смартфондарының пайдаланушылары жасайтын визуалды контент түріндегі үрдістерді анықтайды. Шараға беделді мәдениет және өнер қайраткерлері, жетекші фотографтар, социологтар және ақпаратты көрнекі қабылдау мәселесін зерттеушілер қатысты.
EMBT Architects компаниясының басшысы Бенедетта Тальябу: «Huawei есебі технология мен өнердің, соның ішінде сәулет өнерінің керемет дизайн нәтижелерін беру үшін бірге жұмыс істей алатынын анық көрсетеді. Мен Huawei бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға шабыт сыйлап, даму бағытын белгілегеніне және мобильді бейнелеудің болашағын зерттеуге күш салғанына қуаныштымын»
Global Institute for Tomorrow негізін қалаушысы әрі бас атқарушы директоры Чандран Найр: «Мобильді фотосурет инновациялары адамдарға өзін жаңа қырынан танытуға көмектеседі. Технологияның әсері сурет сапасын жақсарту ғана емес, ол бізді жеке тұлға ретінде үнемі әсерлі дүниелерді жасауға итермелейтін мағыналы нәрсе болуы керек»
Визуалды әлеуметтанушы Николь Фернандес: «Нәтижелерге сүйенсек, смартфондар әрбір жанды тек сурет тұтынушына ғана емес, олардың жасаушыларына айналдыратынын көрсетті. Тіпті тәжірибесі жоқ адамның өзі байқауға қатысуға лайық сәттерді түсіру арқылы фотограф бола алады»
2017 жылы бастау алған жыл сайынғы HUAWEI NEXT IMAGE Awards марапаты соңғы алты жылда 170-тен астам елден 4 миллионға жуық өтінімді қабылдап, бүкіл әлем бойынша фотосурет өнерін қолдайды.
Осы жылы Huawei визуалды аналитика бойынша сарапшылар тобын жинау үшін FactStory компаниясымен серіктес болды. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған барлық фотолар мен бейнероликтерді шығармашылық жұмыстар тудыратын әлеуметтану, психология және эмоцияларға сүйене отырып зерттеді.