2025 жыл қорытындысы: Қытай мен Орталық Азия арасындағы қатынастардағы ең маңызды он оқиға

2025 жылы Қытай мен Орталық Азия елдері «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп іске асыруды тереңдетіп, барлық саладағы ынтымақтастықты белсенді дамытты. «Қытай – Орталық Азия» тетігінің институционалдық архитектурасы негізінен қалыптасып, өзара ықпалдастық көкжиегі кеңейіп, достық байланыстар нығая түсті. Жыл қорытындысы бойынша ҚХР-дың Шетел тілдеріндегі әдебиеттерді жариялау және тарату істері басқармасына қарасты Еуропа мен Азияға хабар тарату орталығы («Жэньминь хуабао» баспасы), «Қытай – Орталық Азия» тетігінің Хатшылығы, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты, «Жібек жолы – ревю» журналының редакциясы және Қытай модернизациясын зерттеу орталығы (Қазақстан) бірлесіп 2025 жылғы Қытай мен Орталық Азия арасындағы қатынастардағы он маңызды оқиғаның тізімін жариялады.

1. «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитінде Мәңгі тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды

17 маусымда Қазақстанның Астана қаласында «Қытай – Орталық Азия» екінші саммиті өтті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Өңірлік ынтымақтастықтың сапалы дамуы жолындағы “Қытай – Орталық Азия рухын” дамыту» атты бағдарламалық баяндамамен сөз сөйледі.

Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың екі мың жылдан астам тарихы бар достық байланыстарға негізделгенін, дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі 30 жылда қалыптасқан өзара сенім мен ынтымаққа сүйенетінін және жаңа дәуірдегі өзара тиімді серіктестік арқылы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Осы тәжірибе «өзара құрмет, өзара сенім, өзара тиімділік, өзара қолдау және жоғары сапалы даму арқылы ортақ модернизацияны ілгерілету» қағидаттарына негізделген «Қытай – Орталық Азия рухын» қалыптастырды.

Саммит барысында ҚХР Төрағасы мен Орталық Азияның бес мемлекетінің басшылары Астана декларациясына және Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан арасындағы Мәңгі тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Сондай-ақ 2025–2026 жылдар Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының жоғары сапалы даму жылдары деп жарияланды.

2. Орталық Азияның бес елінің басшылары Қытайда жаһандық басқару бастамасын қолдады

31 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Орталық Азияның бес мемлекетінің басшылары Қытайда болып, ШЫҰ саммитіне және Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы және Дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларға қатысты.

1 қыркүйекте Тяньцзинь қаласында «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесу өтіп, онда Си Цзиньпин «Жаһандық басқаруды жетілдіру жолындағы ШЫҰ күштерін біріктіру» тақырыбында сөз сөйлеп, Жаһандық басқару бастамасын ұсынды.

Тараптар бұл бастаманы жоғары бағалап, қазіргі әлемде тиімді жаһандық басқару жүйесіне деген қажеттіліктің артып отырғанын атап өтті. Бастама БҰҰ-ның негізгі рөлін қолдай отырып, ортақ даму мен ортақ ұтысқа үндейді.

3. Си Цзиньпин еңбектерінің Орталық Азия тілдерінде жарық көруі идеялар алмасуына көпір болды

29 мамырда Астанада «Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару туралы ойлары» атты төрт томдық жинақтың қазақ тіліндегі басылымы таныстырылды. Ал 19 тамызда Ташкентте «Си Цзиньпиннің адам құқықтарын құрметтеу және қорғау туралы» еңбегінің өзбек тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті.

Бұл басылымдар Қытайдың мемлекеттік басқару тәжірибесін түсінуге мүмкіндік беріп, Қытай мен Орталық Азия халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтты.

4. Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан халықаралық теміржолының құрылысы жаңа кезеңге өтті

29 сәуірде Ферғана, Нарын №1 және Коштөбе тоннельдерінің құрылысы басталып, жоба белсенді іске асыру кезеңіне өтті. Бұл теміржол «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы маңызды жоба саналады.

5. Тақырыптық форумдар болашақ ынтымақтастықты бірлесіп жоспарлауға жол ашты

2025 жылы Қытай мен Орталық Азия арасындағы медиафорумдар, аналитикалық орталықтар форумдары және гуманитарлық диалогтар өткізіліп, практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге серпін берді.

6. Визасыз режим жолаушылар ағынын «жаңа жылдамдыққа» шығарды

Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы визасыз режимді кеңейту нәтижесінде туристік және іскерлік сапарлар саны айтарлықтай артты. Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимге екі жыл толды, ал Өзбекстанмен визасыз келісім 1 маусымда күшіне енді.

7. Жаңа ынтымақтастық платформалары практикалық серіктестікті кеңейтті

2025 жылы кедейлікті азайту, білім беру, шөлейттенуге қарсы күрес және кедергісіз сауда салаларында бірқатар жаңа орталықтар мен платформалар іске қосылды.

8. Қытай мен Орталық Азия арасындағы бауырлас қалалар саны 100-ден асты

Саммит аясында Шанхай мен Алматы бауырлас қала атанып, екі ел арасындағы бауырлас қалалар саны 100 жұптан асты. Бұл қалалар арасындағы сауда, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты күшейтті.

9. Мәдениет пен туризм жылдары Жібек жолындағы өркениеттер диалогын жаңа деңгейге шығарды

Қытайда Түрікменстанның мәдениет жылы аяқталды, ал Қазақстанда Қытай туризм жылы басталып, көрмелер мен мәдени іс-шаралар өтті.

10. Екі жаңа «Лу Бань шеберханасының» ашылуы кәсіби білім мен ақылды өндірісті дамытуға ықпал етті

2025 жылы Қазақстанда тағы екі «Лу Бань шеберханасы» ашылып, жасанды интеллект, өнеркәсіптік интернет және робототехника салалары бойынша мамандар даярлауға бағытталды.

Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінде алты «Лу Бань шеберханасы» жұмыс істеп, өңірдің технологиялық дамуына үлес қосып келеді.

Фотосуреттер: «Синьхуа» агенттігі, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі, «Жэньминь хуабао» баспасы, Шэньси провинциясының мәдениет және туризм басқармасы