Beeline Қазақстан енді холдинг болады

Beeline Қазақстан компаниясы бірнеше бизнес бағыттарын біріктіретін холдингке айналатынын хабарлайды. Осы өзгерістер аясында телеком бағытының бас директоры (CEO) лауазымына Джаббор Каюмов тағайындалды.
Бұл қызметте Д.Каюмов Beeline Қазақстанның телеком бағытының стратегиялық және операциялық дамуына, соның ішінде мобильді желінің сапасы мен тұрақтылығына, жаңа технологияларды енгізуге, инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, сондай-ақ жеке және корпоративтік клиенттер үшін жоғары деңгейдегі байланысты қамтамасыз етуге жауапты болады.
Beeline Қазақстан холдингінің Президенті және Бас директоры (CEO) қызметінде Евгений Настрадин қалады.
«Beeline Қазақстан белсенді түрде өсіп, бірнеше бизнес бағыттарын біріктіретін холдингке айналуда. Бұл ретте телеком бағыты әрқашан біздің басты басымдығымыз болып қала береді — дәл осы бағыт барлық кейінгі цифрлық шешімдердің негізін құрайды. Жүйелі түрде желіге инвестиция салу арқылы біз қамтуды кеңейтіп, байланыс жылдамдығы мен сапасын арттырып келеміз. Ең бастысы — қазіргі заманғы технологияларды елдің барлық өңірлеріндегі тұрғындарға қолжетімді ете отырып, сандық теңсіздікті жүйелі түрде азайтудамыз», — дейді Beeline Қазақстан холдингінің Президенті Евгений Настрадин.
Холдингтік модельге көшу аясында Beeline Қазақстан құрылымы енді бес негізгі бизнес бағытынана тұрады:
Холдингтің бас дирекциясы – Евгений Настрадин
● Telecommunications Services (Core Telco) – Джаббор Каюмов
● Enterprise Co – Рауан Кабдрахимов
● «Цифрлық платформалар және ойын-сауық» макробизнесі – Максим Цвыков
● FinTech макробизнесі – Амырхан Чиканаев
● QazCode IT-компаниясы – Алексей Шаравар.
«Beeline Қазақстанның телеком бағытын қарқынды өсім мен трансформация кезеңінде басқару — мен үшін үлкен мәртебе. Біздің басты басымдығымыз – бизнестің тұрақты дамуы, желідегі және цифрлық сервистердегі инновациялар, сондай-ақ клиенттер, қызметкерлер және компания экожүйесі үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыру», – дейді Beeline Қазақстан Telecommunications Services CEO-сы Джаббор Каюмов.
Beeline Қазақстанның баспасөз қызметі
Фото: Данил Акрамов




