Қазақстанда сегіз жылдан бері алапес ауруының жаңа жағдайы тіркелмеген

25 қаңтар – Дүниежүзілік алапес ауруымен ауратындарға көмек көрсету күні. Бүгінде Қазақстанда алапеспен сырқаттанудың (Хансен ауруы) төмендегені байқалады. Науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ. Алапеспен тек ересек жастағы тұрғындар ғана ауырады, бұл осы инфекцияның өшіп бара жатқан ошақтарына тән.

Елде алапеспен сырқаттанушылықтың төмендеуі тұрақтанған. Соңғы уақытта алапестің бірлі-жарым жағдайлары тіркелуде, 12 жылдың ішінде барлығы – 3, соңғы рет – 2017 жылы анықталған. 2026 жылдың басында Қазақстанда 212 науқас және қарым қатынаста болған 224 адам тұрады.

– Біздің елімізде алапес іс жүзінде элиминацияланған. Қазақстан аурудың ауыртпалығы деңгейі төмен елдерге жатады. Бүгінде бүкіл әлемде аурудың алдын алу мәселелеріне маңызды рөл берілген. Аурудың қайталама түрде алдын алу, алапес салдарын емдеу, аурудың қайталануының алдын ала ескерту басым міндет болып қала береді, – деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Роза Қуанышбекова.
Қазақстанда алапес ауруын шамамен жүз жыл бұрын, 1929 жылдан бастап, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-інде алапеспен емдеу туралы шешім қабылданған кезден бастап емдей бастады. Бүгінде Қазақ республикалық лепрозорийі – ерекше типтегі мамандандырылған емдеу мекемесі, ол тек ерекше емдеуді ғана емес, сонымен қатар өз пациенттерін оңалтуды да жүзеге асырады. Лепрозорий Қызылорда облысында орналасқан және екі диспансері бар. Арнайы емдеуден басқа науқастар барлық қажетті медициналық көмекті (хирургиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, терапевтік және т.б.) және оңалтуды алады.

– Лепрозорий алапеспен ауыратындарды оқшаулайтын орын болып табылмайды. Есепте тұрған пациенттердің басқа елдегі медициналық ұйымдарда емдеу-сауықтыру және оңалту қызметтерін алу мүмкіндігі бар. Пациенттердің арасында үнемі медициналық көмекке мұқтаж, баспанасыздар, бас тартылғандар, туыстары жоқ және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, әлеуметтік баспанаға мұқтаж адамдар да бар. Алапеспен ауыратындарды диспансерлеу қайталану қаупіне байланысты өмір бойы жүзеге асырылады, – дейді Қазақ республикалық алапес ауруының бас дәрігері Молдағали Сейталиев.

Алапесті емдеу тарихында ел дәрігерлері түрлі тактикаларды қолданған. Бастапқыда іс-шаралар негізінен пациенттерді анықтауға және оқшаулауға бағытталды. Содан кейін химиотерапия жүргізу міндеті бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта мүгедектіктің алдын алу және науқастарды оңалту арқылы алапес ауруының алдын алу өзекті болып табылады.

ҚДжИАҒО баспасөз қызметі