Қазақстандағы Geely-ге үш жыл: сатылым екі еседен астам өсті

Geely бренді Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатқанына үш жыл толуын атап өтуде. Еліміздегі Geely-дің ресми дистрибьюторы – Orbis Auto автомобильдер тобына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы. Осы үш жыл ішінде Geely Қазақстан нарығындағы позициясын нығайтып, модельдік қатарын кеңейтті және сатылым көлемін екі еседен астам арттырды (2023 жылмен салыстырғанда).
Бүгінде Geely Қазақстанда нарықтағы ең сұранысқа ие сегменттерде ұсынылған бес модельмен таныстырылған. Атап айтқанда, Emgrand, Coolray, Atlas, Okavango және Monjaro автокөліктері қазақстандық тұтынушылар арасында кеңінен сұранысқа ие. Модельдік қатардың кеңеюі сату арналары мен сервистік қолдаудың дамуына ықпал етіп, брендтің ел аумағындағы қолжетімділігін арттырды.
Geely бренді Қазақстан нарығына 2022 жылдың қазан айында шыққаннан бері 21 516 автокөлік сатылған. Сатылым көрсеткіштері жыл сайын тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Мәселен, 2023 жылы 3 643 көлік сатылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 8 252-ге жеткен (+126%). Ал 2025 жылы 9 621 автокөлік сатылып, 2024 жылмен салыстырғанда өсім 16,6% болды. Жалпы алғанда, 2023 жылмен салыстырғанда сатылым көлемі екі еседен астам артқан.
«Қазақстан нарығындағы үш жыл Geely үшін тұрақты даму кезеңі және тұтынушылар сенімінің айқын дәлелі болды. Бүгінде Geely – бұл тек танымал модельдер мен өсіп жатқан сатылым ғана емес, сонымен қатар дамыған дилерлік желі, жоғары деңгейдегі сервис және клиенттер алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер. Біз нарықтың әлеуетін жоғары бағалаймыз және брендтің елдегі танымалдылығын арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге әрі клиенттік тәжірибені жақсартуға инвестиция салуды жалғастырамыз», – деді G Motors Kazakhstan директоры Регина Амерханова.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Geely бренді Қазақстандағы ең танымал он автокөлік маркасының қатарына еніп, барлық брендтер арасында 10-орынды иеленді. Нарықтағы үлесі 4,1% болды (ҚАО деректері). 2025 жылы Geely бренді ішінде ең көп сұранысқа ие модельдер қатарында Emgrand (3 398 сатылған көлік), Coolray (3 259) және Atlas (1 597) аталды. Ал C-классқа жататын Geely Emgrand седаны қатарынан екінші жыл сатылым көшбасшысы ретіндегі позициясын сақтап отыр.
Қазіргі таңда Geely бренді Қазақстанның 17 қаласында ұсынылған. Ел аумағында 23 дилерлік орталық жұмыс істейді. 2025 жылы дилерлік желі кеңейтіліп, Петропавл, Көкшетау, Шымкент және Орал қалаларында жаңа орталықтар ашылды. Жыл бойы сервистік қызметтің қолжетімділігін арттыру және клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға басымдық берілді. Geely автокөлік иелері үшін ұзақ мерзімді пайдалану мен таңдауына сенімділік беретін арнайы бағдарламалар қарастырылған. Атап айтқанда, 7 жылдық кепілдік, trade-in бағдарламалары және автокөлікті сатып алу мен қызмет көрсетуді жеңілдететін қаржылық шешімдер ұсынылады.
Брендтің Қазақстандағы дамуының келесі кезеңі 2027 жылға жоспарланған жергілікті өндірісті іске қосумен байланысты. Бұл жоба компанияның елдегі стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі болмақ. Өндірісті локализациялау логистикалық тізбектерді оңтайландыруға мүмкіндік беріп, тұтынушыларға автокөліктерді сатып алу үшін икемді әрі тартымды шарттар ұсынуға жол ашады. Сонымен қатар, бұл қадам Geely-дің Қазақстан нарығындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерін және заманауи технологиялық шешімдерді қазақстандық автосүйер қауым үшін барынша қолжетімді етуге деген ұмтылысын айқын көрсетеді.
Қазақстандағы үш жылдық мерейтой аясында Geely компаниясы клиенттерге арналған арнайы акция өткізді. Акция барысында Geely Coolray автокөлігі мен бағалы сыйлықтар ойнатылды. Бас жүлде 2025 жылғы 1 қараша мен 31 желтоқсан аралығында Қазақстан бойынша Geely-дің ресми дилерлік орталықтарынан кез келген Geely автокөлігін сатып алған клиенттер арасында ойнатылды. Аталған кезеңде жасалған барлық сатып алулар ұтыс ойынына автоматты түрде қатысты. Ал қосымша сыйлықтар 2025 жылғы 3–31 желтоқсан аралығында өткен тест-драйвтарға қатысушылар арасында ойнатылды. Олардың қатарында iPhone, Apple Watch, сондай-ақ Хайнань аралына (ҚХР, Санья) саяхат бар. 2026 жылғы 16 қаңтарда өткен ұтыс ойынының қорытындысы бойынша бас жүлде Қарағанды қаласының тұрғыны, Emgrand автокөлігінің иесі Гибадуллин Дамир Рустемұлына бұйырды.



