Orbis Auto Қазақстанда Nissan брендін қайта іске қосты: Qashqai мен Patrol сатылымға шықты

Қазақстан Республикасы, Алматы, 27 қаңтар 2026 жыл. Қазақстандағы Nissan-ның ресми дистрибьюторы – Orbis Auto автомобиль тобы брендтің отандық нарықта қайта іске қосылғанын хабарлайды. Жоба аясында Nissan автокөліктерін ресми жеткізу қайта жанданып, модельдік қатар кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Сонымен қатар дилерлік желі дамытылып, сату және сервистік қызмет көрсету Nissan халықаралық стандарттарына сай ұйымдастырылады. Қайта іске қосу аясындағы алғашқы автокөліктер Қазақстанға жеткізілді. Нарыққа жаңа буындағы Nissan Qashqai мен жетінші буындағы Nissan Patrol модельдері ұсынылып отыр.
Жыл бойы Қазақстан нарығына арналған Nissan модельдік қатары айтарлықтай жаңартылып, заманауи әрі технологиялық үлгілермен толықтырылады. Жаңа автокөліктерді жеткізу Жапония, Еуропа және АҚШ-тағы Nissan өндірістік алаңдарынан тікелей жүзеге асырылады деп жоспарланған.
Nissan маркасының Қазақстандағы дистрибуция жөніндегі директоры Дмитрий Панасовтың айтуынша, отандық нарыққа арналған модельдік қатар өндірушімен бірлесе келісілген. Брендтің қайта іске қосылуы бірден екі модельден басталып отыр.
«Nissan-ның Қазақстанға жаңа серпінмен оралуы – бұл брендтің айқын стратегиямен және клиенттер үшін шын мәнінде маңызды дүниелерге: заманауи модельдерге, түсінікті сатып алу шарттарына және сапалы сервиске басымдық беруі. Біз модельдер қатарын кезең-кезеңімен кеңейтеміз: алдымен жаңа Patrol мен Qashqai-дан бастаймыз, ал жыл соңына дейін Қазақстандағы Nissan модельдерінің саны төртеуге жетеді. Келесі кезекте нарыққа Nissan Pathfinder мен Nissan X-Trail модельдерін шығаруды жоспарлап отырмыз – олардың сатылымға шығуы күз айларына жоспарланған», — деп атап өтті Дмитрий Панасов.
Ресми дистрибьютордың мәліметінше, қазақстандық нарыққа арналған жаңа буындағы Qashqai автокөлігі Ұлыбританияда өндіріледі және қазірдің өзінде Orbis Auto-ның ресми дилерлерінде сатылымда бар. Ал жетінші буындағы Patrol Жапонияда шығарылады және дилерлік желіге шамамен ақпанның басында жеткізіледі деп күтілуде.
Қазақстанда Nissan Qashqai үш нұсқада ұсынылады: S, SV және SL. Модельдің ұсынылатын бөлшек бағасы 20 400 000 теңгеден басталады. Көлік 150 ат күшіне ие бензин қозғалтқышымен жабдықталып, XTRONIC CVT вариаторымен үйлеседі. Жабдықталуына қарай алдыңғы немесе толық жетекпен ұсынылады. Қолжетімді жабдықтар қатарында адаптивті LED-оптика, айналма 3D шолу камералары, панорамалық шатыр, жүргізушіге көмек көрсететін жүйелер кешені (оның ішінде адаптивті круиз-бақылау мен жолақта ұстау функциясы), сондай-ақ 12,3″ экраны бар мультимедиялық жүйе және BOSE акустикасы бар.
Nissan Patrol Қазақстан нарығында төрт комплектацияда ұсынылады: T1, T2, Titanium Plus және Platinum City. Модельдің ұсынылатын бөлшек бағасы 54 900 000 теңгеден басталады. Автокөлік көлемі 3,5 литрлік, екі турбокомпрессоры бар, тікелей отын бүрку жүйесімен жабдықталған V-тәрізді 6 цилиндрлі қозғалтқышпен (425 а.к., 700 Н·м) және 9 сатылы автоматты беріліс қорабымен ұсынылады. Жабдықталуына қарай адаптивті пневматикалық аспа, биометриялық салқындату функциясы бар климат-бақылау, орындықтарды желдету және массаж жасау жүйелері, сондай-ақ екі 14,3″ экраны бар мультимедиялық жүйе және Klipsch премиум акустикасы қарастырылған.
Nissan автокөліктерінің сатылымы алғашқы кезеңде Астана мен Алматы қалаларындағы Nissan & Infiniti Orbis Auto дилерлік орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Қайта іске қосу аясында Алматы қаласында Құлжа трактісі, 12/3а мекенжайында жаңа Nissan дилерлік орталығы ашылды. Мұнда клиенттерге кеңес беру, тест-драйв ұйымдастыру және бренд стандарттарына сай сервистік қызмет көрсету қолжетімді. Алдағы уақытта Қазақстандағы Nissan дилерлік желісі кезең-кезеңімен кеңейтіледі.