Efes Kazakhstan Алматы облысындағы зауытта жаңа жоғары технологиялық құю желісін іске қосты

Efes Kazakhstan компаниясы Алматы облысындағы Береке зауытында Германияда өндірілген жаңа жоғары технологиялық бөтелке құю желісін ресми түрде іске қосты. Бұл жоба компанияның Қазақстандағы ұзақ мерзімді инвестициялық стратегиясындағы маңызды кезең болып саналады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 4 миллион АҚШ долларынан асты.
Жаңа өндірістік желінің ашылу салтанатына Anadolu Efes компаниясының бас директоры Онур Алтурк, халықаралық бизнес жөніндегі бас менеджері Эртан Курт, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Тугба Алан Озденфедакар, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен компания серіктестері қатысты.
Жаңа құю желісі толық автоматтандырылған және заманауи цифрлық басқару жүйелерімен жабдықталған. Ол халықаралық сапа, еңбек қауіпсіздігі және экологиялық стандарттарға толық сәйкес келеді. Инновациялық технологиялардың енгізілуі қоршаған ортаға әсерді азайтуға, ресурстарды тиімді пайдалануға және өнім сапасын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

Жобаның іске қосылуы нәтижесінде Efes Kazakhstan өндірістік қуатын 25 пайызға арттырып, форматтарды ауыстыру уақытын 30 пайызға қысқартты. Сонымен қатар зауыттың жылдық өндірістік мүмкіндігі 40 миллионнан 50 миллион бөтелкеге дейін ұлғайды, оның ішінде бір литрлік форматтар да бар. Бұл компанияға нарық сұранысына жедел әрі икемді жауап беруге жол ашады.
Anadolu Efes компаниясының бас директоры Онур Алтурк:
«Қазақстанды компанияның халықаралық операциялары үшін стратегиялық маңызды орталықтардың бірі. Anadolu Efes ондаған жылдар бойы Қазақстанға инвестиция салып келеді. Бұл жоба өндірістік әлеуетімізді күшейтіп қана қоймай, ресурстардың тиімділігін арттырады және Қазақстанның экспорттық әрі өңірлік хаб ретіндегі рөлін нығайтады»

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов жаңа инвестицияны Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық серіктестіктің жарқын көрінісі деп бағалады. Оның айтуынша, мұндай жобалар елдің өндірістік базасын нығайтып, қазақстандық өнімдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Сондай-ақ ол 2025 жылдың қаңтар–қараша айлары аралығында Қазақстаннан сыра экспортының 43 пайыздан астамға өскенін атап өтіп, Efes Kazakhstan-тың Орталық Азия үшін өңірлік хабқа айналу әлеуетіне сенім білдірді.

Халықаралық бизнес жөніндегі бас менеджер Эртан Курттың айтуынша, жаңа желі компанияның жергілікті өндірісті және экспорттық әлеуетті дамыту стратегиясына толық сай келеді. «Бұл – операциялық тиімділікті арттыруға, серіктестермен ынтымақтастықты күшейтуге және тез өзгеретін нарық жағдайына бейімделуге бағытталған маңызды қадам», – деді ол.

Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Тугба Алан Озденфедакар Efes Kazakhstan-ты елдегі сыра қайнату саласындағы көшбасшы әрі ең ірі салық төлеушілердің бірі ретінде атап өтті: «Бұл жетістік – Түркия мен Қазақстан арасындағы өзара сенім мен берік экономикалық байланыстардың айқын дәлелі. Жаңа инвестиция өндірістің тұрақты дамуына елеулі үлес қосады»
Жаңа құю желісіне салынған инвестиция Efes Kazakhstan компаниясының Қазақстандағы сыра қайнату саласындағы көшбасшылық позициясын одан әрі нығайтып, Anadolu Efes компаниясының ел экономикасын ұзақ мерзімді дамытуға деген берік міндеттемесін тағы бір мәрте растады.




