Қыс мезгіліндегі кикшеринг жағдайы

Қыс мезгілінің басталуымен Қазақстандағы кикшеринг операторлары сервистің жұмысын уақытша тоқтатты. Алайда осы кезеңде JET сервис орталығы үшін қарқынды жұмыс басталады. Арнайы жабдықталған сервистік хабта әрбір электр самокаты маусымаралық техникалық қызмет көрсетуден өтеді (фотоальбом).

Процесс мыңдаған самокаттың әрқайсысын толық дефектовкадан өткізуді қамтиды. Маусымаралық техникалық қызмет көрсету бағдарламасы бес кезеңнен тұрады:

  1. Клининг: Қалалық агрессивті орта әсерінен барлық тораптарды толық тазалау.

  2. Диагностика: Қалалық ландшафтты қайталайтын арнайы алаңда әрбір электр самокаты тестілеуден өтеді.

  3. Техникалық қызмет көрсету: Шығын материалдарын ауыстыру, негізгі күштік тораптарды күшейту және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту.

  4. Детейлинг: Қанаттарын, басқа да бөлшектерін бояу және раманы қайта сырлау.

  5. АКБ қызметі: Әрбір аккумулятор батареясы диагностикадан өтіп, оның сыйымдылығы тексеріледі.

«Ұлттық деңгейдегі микромобильділік операторы үшін қыс — бұл “ұйқы” емес, жаңа 2026 маусымына дайындық пен терең техникалық жаңғырту кезеңі. Біз осы уақытты пайдаланып, наурыз айында JET самокатына мінген әрбір қолданушы жаңа құрылғының сапасын сезінуі үшін жұмыс істейміз. Біздің мақсатымыз — маусымды техникалық ақаулардың нөлдік көрсеткішімен және жаңартылған софтпен бастау», — дейді JET компаниясының Қазақстандағы даму жөніндегі директоры Виталий Мошкин.

Маусымаралық техникалық қызмет көрсету барысында сервистің жұмысының негізі саналатын ішкі қауіпсіздік регламенттерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір құрылғы көпдеңгейлі бақылау жүйесінен өтеді, бұл JET самокаттарының сенімділіктің ең жоғары талаптарына сай болуын қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл «адам факторын» барынша азайтып, жаңа маусымда пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. JET сервис орталығының әрбір қызметкері техникалық ақауларға нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.

Қазақстандағы 2026 жылғы кикшерингтің жаңа маусымы дәстүрлі түрде наурыз айында, қала ішінде қауіпсіз қозғалысқа қолайлы ауа райы қалыптасқан кезде басталады.