ЕҚДБ Қазақстандағы «жасыл» инвестицияларды қолдау үшін жаңа қаржыландыру көздерін ұсынады
GEFF Kazakhstan II “жасыл” экономиканы қаржыландыру жобасы аясында бөлінген 150 млн АҚШ доллары кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына көмекке бағытталатын болады.
- ЕҚДБ құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын GEFF Kazakhstan II «жасыл» экономиканы қаржыландыру жобасын іске қосады
- * GEFF Kazakhstan II жобасы кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына гендерлік аспектілерді ескере отырып, «жасыл» қаржыландыруды ұсынады
- * Техникалық қолдауды Климаттық инвестициялық қорлары (Climate Investment Funds) көрсетеді
2023 жылдың басында Париж келісіміне толық қосылған Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстанға электр энергиясын тұтынуды азайтуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ілгерілетуге және жергілікті кәсіпкерлерге экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуде қолдау көрсетуге көмектеседі.
ЕҚДБ бүгін іске қосып жатқан жаңа қаржыландыру бағдарламасының арқасында республика бойынша жүздеген кәсіпорындар мен мыңдаған үй шаруашылықтары өндірісті жаңғыртуға, энергия тиімділігін арттыруға және экологиялық тұрақтылықты жақсартуға мүмкіндік алады.
Банк бүкіл ел бойынша жеке тұлғаларға, жеке компаниялар мен ШОБ-қа кредит беру үшін Kazakhstan Green Economy Financing Facility II (GEFF Kazakhstan II) жобасына қатысатын қаржы институттарына 150 млн 56АҚШ долларына дейінгі мөлшерде (теңгелік баламада) қаржыландыруды ұсынады.
Жоба сонымен қатар жоғары сапалы «жасыл» тауарлар мен жабдықтарды жеткізушілер мен өндірушілерге, оның ішінде Green Technology Selector онлайн-каталогында орналастырылған және GEFF Kazakhstan II жобасының веб-сайтында қолжетімді тауарларды қаржыландыруды ұсынады.
Климаттық инвестициялық қорлардың (Climate Investment Funds, CIF) қолдауымен GEFF Kazakhstan II жобасы жергілікті «жасыл» технологиялар мен жабдықтар нарығын дамытуға жәрдемдеседі, бұл өз кезегінде «жасыл» экономиканың өсуіне ықпал етеді, «жасыл» технологияларды неғұрлым қолжетімді етеді және жаңа жұмыс орындарын ашады. Жоба сондай-ақ климаттың өзгеру тәуекелдерін азайту және оларға бейімделу жөніндегі жобаларға инвестицияларды ынталандыратын, тұйық циклді экономиканы ілгерілететін және Қазақстан экономикасының декарбонизациясы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
GEFF Kazakhstan II жобасы сонымен қатар ЕҚДБ-нің гендерлік SMART-тәсілін қамтиды, ол мүмкіндіктердің теңдігіне және Қазақстан экономикасындағы әйелдердің рөлін арттыруға жәрдемдеседі. Жобаға қатысатын қаржы институттары гендерлік теңдікке негізделген және гендерлік аспектілерді ескере отырып қаржылық қызметтерді ұсынатын жаңа инвестициялық мәдениетті пайдаланады.
GEFF Kazakhstan II жобасы 2020 жылдан бастап Австрия Үкіметі мен Жаһандық Экологиялық Қордың (the Global Environment Facility, GEF) қолдауымен іске асырылып келе жатқан GEFF Kazakhstan пилоттық жобасына негізделген. Іске асыру басталғаннан бері жобаға бір жарым мыңнан астам қатысушы тартылды, ал елдегі энергетика және энергия тиімділігі жөніндегі жобаларға бағытталған қаржыландыру көлемі 30 млн АҚШ долларын құрады.
Жоба сонымен қатар көмірқышқыл газының жылдық шығарындыларын 200 мың тоннадан астам азайтуға және бастапқы энергияны үнемдеуге сағатына 573 мың мегваттқа жетуге көмектесті. Қаржыландыру ЦентрКредит Банкі, Shinhan Bank және KMF микрокредиттік ұйымы арқылы жүзеге асырылды. Қаржыландырылған жобалардың көп бөлігі (60%) әйелдер басқаратын бизнеске қатысты және ауылдық жерлерде орналасқан.
Бүгінгі таңда Қазақстанға 304 жоба аясында 10 млрд еуродан астам инвестиция бөлінді, бұл оны Орталық Азиядағы ең ұзақ тарихы бар ЕҚДБ-ның ірі банк бөлімшесі етеді.