Параллельді могулдан аруларымыз Олимпиадада өнер көрсетті

Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында параллельді могулдан әйелдер арасында жеңімпаздар анықталып жатыр. Елімізден сынға түскен үш аруымыздың арссынан Анастасия Городко ең үздік көрсеткішті тіркеп, ширек финалға дейін жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Плей-офф жүйесі арқылы өткен сайыста Анастасия Городко 1/16 финалда Қытай спортшысы Я Янды 26:9 және 1/8 финалда Франция өкілі Камилла Кабролды 22:14 есебімен жеңді.
Одан бөлек, жарыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева мен Аяулым Әмренова да өнер көрсетті.
1986 жылдан бері әлем чемпионатында параллельді могул сайысы болғанымен, бұл бағдарлама түрі Милан Олимпиадасына алғаш рет қосылды.
Айта кетейік, параллельді могулдан 2025 жылғы жаһандық додада Анастасия Городко қола жүлдегер атанған еді.
Фотосурет: Тұрар Қазанғапов




