Заң факультетінің студенттері кедейлікті жою мәселесін талқылады

Қазіргі жаһандану дәуірінде әлемдік қауымдастық алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-кедейлікті жою және әлеуметтік теңсіздікті азайту. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының алғашқысы – ТДМ 1 яғни кедейлікті жою мақсаты аясында жүзеге асырылып келеді. Осы маңызды бағытты жастар арасында кеңінен талқылау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің студенттері арасында арнайы пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталас барысында студенттер тұрақты даму мақсаттарының маңыздылығы туралы ой бөлісіп, ТДМ 1 аясында кедейлікті азайту жолдары мен әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Бүгінгі таңда кедейлік мәселесі тек экономикалық проблема ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік даму, білім беру және қоғамдағы тең мүмкіндіктер мәселесімен де тығыз байланысты екені атап өтілді. Пікірталасқа қатысқан студенттер кедейлік ұғымының мәніне тоқталып, оның тек материалдық тапшылықпен шектелмейтінін айтты. Олар адамның сапалы білімге, медициналық қызметке, еңбек нарығына және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігі қоғамдағы әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан да кедейлікті жою жолында білім беру мен әлеуметтік саясаттың маңызы ерекше екендігі пікірталаста кеңінен талқыланды.

Студенттер өз ойларында кедейлікті азайту үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалардың рөліне де тоқталды. Сонымен қатар жастардың қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің де бұл мәселеде маңызды орын алатыны айтылды. Пікірталасқа қатысушылар қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуда білім мен ғылымның ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Пікірталас форматында өткен бұл шара студенттердің өз көзқарастарын еркін білдіруіне және түрлі идеялармен бөлісуіне мүмкіндік берді. Қатысушылар әлемдік тәжірибелерді талдап, түрлі елдерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қолдау бағдарламалары туралы да пікір алмасты. Сонымен қатар жастар әлеуметтік мәселелерді шешуде инновациялық идеялар мен жаңа бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында студенттер әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек және қоғамдағы ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше назар аударды. Олар еріктілік қызметінің қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін маңызды құрал екенін айтып, жастардың мұндай бастамаларға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Осындай пікірталастар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың әлеуметтік мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Университет қабырғасында өткізілетін ғылыми және қоғамдық талқылаулар жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, олардың қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар студенттер кедейлікті жою жолында білім мен кәсіби дамудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Олар сапалы білім алу арқылы адамның өмір сүру деңгейін арттыруға және қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға болатынын айтты. Осы тұрғыдан алғанда университеттің білім беру жүйесі жастардың болашақта қоғам дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, факультет студенттері арасында өткен бұл пікірталас жастардың Тұрақты даму мақсаттарына деген қызығушылығын арттырып, олардың әлеуметтік мәселелерге деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. Мұндай ғылыми пікірталастар студенттердің қоғамдағы өзекті мәселелерді терең түсінуіне және оларды шешуге бағытталған жаңа идеялар ұсынуына мүмкіндік береді. Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру-тек мемлекет пен халықаралық ұйымдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан жастардың осындай талқылауларға белсенді қатысуы болашақта әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты дамуға негізделген қоғам қалыптастыруға жол ашады.

Г.М. АТАХАНОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Заң факультеті қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының профессоры