Текелі тұрғыны өз таңдауын жасады

Жетісу облысы, Текелі қаласының тұрғыны Валентина Афанасьевна Вострикова бүгін өзі тіркелген сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Ол «Шапағат» орталығында орналасқан №454 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытты.
Валентина Афанасьевна маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел болашағы үшін дауыс беру әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті. Айта кетейік, аталған учаскеде дауыс беру процесі белсенді түрде жалғасуда.



