Air Astana транзиттік жолаушылар ағынын арттырып, халықаралық маршруттық желіні кеңейтуде

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азиядағы транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда: 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан арқылы өтетін халықаралық транзиттік жолаушылар ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ға артты.
Жыл басынан бері транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 137 000 жолаушыдан асты, оның ішінде халықаралық транзиттік ағын 48 000-нан астам жолаушыны құрады. Транзиттік жолаушылар ағынының өсуі маршруттық желінің дамуы және тасымалдау сыйымдылығының Таяу Шығыстан Сеул, Бангкок, Пхукет, Фукуок, Мале, Стамбул, Дели, Ташкент және Тбилиси бағыттарына үйлестірілуі есебінен қамтамасыз етілді.
2026 жылы әуекомпания Алматыдан Шанхайға тікелей рейстерді іске қосты, сондай-ақ Астанадан Гуанчжоу (Қытай), Ларнака (Кипр) және Даламан (Түркия) бағыттарына жаңа рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Сеул және бірқатар өзге халықаралық бағыттар бойынша рейстер жиілігі ұлғайтылуда.




