Narxoz University заманауи білім беру жүйесіндегі сапа мен бәсекеге қабілеттілік

Қазіргі әлемде білім беру жүйесі қоғам дамуының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Әсіресе жоғары білім беру саласына қойылатын талаптар күшейіп, оқу орындары тек маман даярлайтын орталық қана емес, интеллектуалды және кәсіби әлеует қалыптастыратын маңызды алаң ретінде қарастырылуда. Осы тұрғыдан алғанда, Narxoz University білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи қағидаттарды жүйелі түрде енгізіп келе жатқан жетекші оқу орындарының бірі.Бүгінде сапалы білім беру ұғымы кең мағынаға ие. Ол тек оқу бағдарламасын меңгерумен шектелмей, студенттің тұлғалық дамуын, кәсіби бейімделуін, шығармашылық қабілетін және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруды қамтиды.

Университеттің білім беру жүйесінде дәл осы бағыттарға басымдық беріледі. Заманауи еңбек нарығы жаңа буын мамандарынан тек теориялық білімді ғана емес, практикалық дағдыларды, цифрлық сауаттылықты және тез бейімделу қабілетін талап етеді. Осыған байланысты оқу үдерісінде тәжірибеге негізделген оқыту тәсілдері кеңінен қолданылуда. Студенттер түрлі тәжірибелік жобаларға қатысып, нақты кәсіби ортада өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады. Бұл олардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Университеттің білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі  инновациялық технологияларды тиімді пайдалану. Цифрландыру дәуірінде білім беру саласының да жаңа форматқа көшуі уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты оқу процесінде интерактивті платформалар, онлайн ресурстар, заманауи цифрлық жүйелер мен инновациялық оқыту әдістері белсенді қолданылады. Бұл студенттердің ақпараттық мәдениетін арттырып, олардың өздігінен ізденуіне жол ашады.Сонымен қатар, оқу ордасында студенттердің еркін ойлауына және жеке бастамаларын дамытуына ерекше мән беріледі. Әрбір білім алушының қабілетін ашуға бағытталған академиялық орта қалыптасқан. Түрлі ғылыми жобалар, пікірталастар, конференциялар мен шығармашылық іс-шаралар жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Мұндай ортада білім алушылар тек маман ретінде ғана емес, белсенді азамат ретінде де қалыптасады.Білім сапасын қамтамасыз етуде оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі де ерекше рөл атқарады. Университетте тәжірибелі мамандар мен ғылыми орта өкілдері дәріс оқып, студенттермен тәжірибе бөліседіСапалы білім беру қағидаттарының тағы бір маңызды бөлігі – академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру. Білім беру жүйесінде әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау – кәсіби этиканың негізі. Университет қабырғасында студенттердің өзіндік жұмыс жасауына, ғылыми еңбектерді адал орындауына және әділ бағалау жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Қазіргі таңда жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығы артып келеді. Осыған байланысты университетте ғылыми жобаларға қолдау көрсетіліп, студенттердің зерттеу қызметіне белсенді қатысуына жағдай жасалған. Әсіресе экономика, құқық, мемлекеттік басқару және цифрлық технологиялар бағытындағы зерттеулер қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе алмасу мәселесіне де ерекше назар аударылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары студенттердің шетелдік білім беру жүйесімен танысуына, жаңа тәжірибе жинақтауына және кәсіби көзқарасын кеңейтуіне мүмкіндік береді.Білім беру жүйесінде тәрбиелік жұмыстардың да маңызы зор. Университетте жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, патриоттық құндылықтарды насихаттау және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру бағытында түрлі бастамалар жүзеге асырылады. Мұндай жұмыстар студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына және азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал етеді.Жалпы, сапалы білім беру – ел болашағына салынған инвестиция. Заманауи талаптарға сай білім алған жас маман қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар білім беру сапасын арттырып қана қоймай, бәсекеге қабілетті, кәсіби әрі жауапты жастар буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Бүгінде жоғары білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі заман талабына бейімделе алатын, жаңашыл ойлайтын және кәсіби тұрғыдан мықты мамандар даярлау. Ал сапалы білім беру қағидаттарын тиімді жүзеге асыру осы мақсатқа қол жеткізудің маңызды негізі болып қала береді.

А.А. СЕЙТЖАН,

Нархоз Университетінің

Құқық және мемлекеттік басқару

мектебінің ассистент профессоры