Orbis Auto мен LEPAS Қазақстанда жаңа брендті іске қосу туралы келісімге қол қойды

Бейжің халықаралық автосалоны 2026 аясында Orbis Auto автомобиль тобы және Chery Holding Group құрылымына кіретін LEPAS халықаралық автомобиль бренді Қазақстанда LEPAS автокөліктерін дистрибуциялау туралы келісімге қол қойды.
Келісімге Orbis Auto бас директоры Динара Искакова және LEPAS брендінің басшысы Чжай Сяобин қол қойды. Құжат LEPAS брендін Қазақстан нарығына шығаруды, автокөлік жеткізуді ұйымдастыруды, дилерлік желі мен сервистік инфрақұрылымды дамытуды қарастырады.
Бейжің автосалонында келісімге қол қою барысында LEPAS басшысы Чжай Сяобин Қазақстанды Орталық Азиядағы брендті дамыту үшін негізгі нарықтардың бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан нарығында заманауи технологиялық шешімдермен және жоғары деңгейлі жабдықтармен қамтылған озық автокөліктер тізбегі ұсынылатын болады.
«Қазақстан біз үшін өңірдегі стратегиялық маңызды нарықтардың бірі. Жергілікті тұтынушылардың заманауи, технологиялық автокөліктерге қызығушылығы артып келеді, сондықтан біз LEPAS-тың үш моделі – L4, L6 және L8 нарықта жақсы қабылданатынына сенімдіміз. Болашақта LEPAS Orbis Auto-мен бірлесіп, қазақстандық нарықтың сұраныстарын ескере отырып, модельдік қатарды кеңейтуді жалғастырады. Біз айқын дизайн мен заманауи технологиялық шешімдерді біріктіретін автокөліктердің мол таңдауын ұсынатын боламыз», – деді Чжай Сяобин.
Өз кезегінде Orbis Auto бас директоры Динара Искакова LEPAS брендінің технологиялық базасы, атап айтқанда LEX платформасы, компания үшін Қазақстанда модельдік қатарды қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер ашатынын және автокөлік жасаудағы заманауи тәсілді көрсететінін атап өтті.
«LEX платформасы бізге өнімдер портфелін басқаруда икемділік береді және нарыққа әртүрлі технологиялық нұсқадағы модельдерді – бензинді, гибридті және толық электрлі көліктерді шығаруға мүмкіндік жасайды. Бұл ретте жаңа тәсіл туралы сөз болып отыр: бір модель әртүрлі қозғалтқыш түрлерімен ұсынылып, тұтынушы таңдауын едәуір кеңейтеді. Сонымен қатар біз үшін тек брендті нарыққа шығару ғана емес, тиімді сату және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру да маңызды. Біз нарықта ұзақ қалуды көздейміз, мұнда клиент тек автокөлік алып қана қоймай, оның сапалы қолдауына да сенімді болады», – деп атап өтті Динара Искакова.
Қазақстанда сатылым басталған кезде нарыққа бір мезгілде LEPAS-тың үш моделі – L4, L6 және L8 ұсынылады.
Брендтің модельдік қатары әртүрлі сегменттегі кроссоверлерден құралады: олардың ішінде қала ішіндегі қарқынды қозғалысқа арналған LEPAS L4 ықшам қалалық кроссовері; кеңістік, технология мен жайлылықтың теңгерімін ұсынатын және бренд желісінде орталық орын алатын LEPAS L6 орта өлшемді кроссовері, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерінің кеңейтілген жиынтығымен, жоғары деңгейлі жабдықталуымен және озық технологияларымен ерекшеленетін LEPAS L8 флагмандық кроссовері бар.
Қазақстанда LEPAS автокөліктерін сату Orbis Auto дилерлік желісі арқылы жүзеге асырылады. Тараптар ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға ниетті және бұл ынтымақтастық брендтің нарықтағы позициясын нығайтуға ықпал етеді деп болжайды.