Қол гигиенасы неге соншалықты маңызды?

Қолдар – жұқпалы ауру қоздырғыштарының таралуындағы негізгі факторлардың бірі. Мысалы, адам алақанымен бетін жауып жөтеледі немесе түшкіреді, содан кейін есік тұтқасын немесе қоғамдық көліктегі ұстағыштарды ұстайды. Кейін дәл сол жерді сіз ұстайсыз – осылайша вирустар мен бактериялар қолыңызға түседі. Бұл жағдайдың өзі аса қауіпті емес, егер сіз қолыңызды үнемі жуып отырсаңыз.

Қолды дұрыс жуу инфекция жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді.Зерттеулер көрсеткендей, тұмау, суық тию, диарея және басқа да тыныс алу мен асқазан-ішек аурулары көбінесе ластанған қол арқылы таралады. Вирустар мен бактериялар беттерден адамға немесе адамдар арасындағы байланыс арқылы оңай беріледі.

Сондықтан қол гигиенасы – инфекцияларға қарсы ең алғашқы және маңызды қорғаныс.Қол гигиенасын сақтау – жұқпалы аурулардан қорғанудың ең қарапайым, қолжетімді әрі тиімді тәсілі.

Антисептиктер, майлықтар және спирт құрамды құралдар пайдалы болғанымен, қарапайым сабынмен қол жуу ең тиімді әдіс болып қала береді.

Қолды қалай дұрыс жуу керек?

  • қолды кем дегенде 20 секунд жуу;
  • алақанның сыртын жуу;
  • саусақтардың арасын мұқият тазалау;
  • тырнақ астын ұмытпау.

Қолды қашан жуу қажет?

  • тамақ дайындау алдында;
  • тамақтанар алдында;
  • көшеден келгенде;
  • қоқыс шығарғаннан кейін;
  • қоғамдық орындардан кейін;
  • дәретханаға барған соң;
  • жараны өңдеудің алдында және кейін;
  • үй жануарларымен ойнағаннан кейін.

Қолды тұрақты жуу:

  • диарея ауруларын 40%-дан астамға;
  • тыныс жолы инфекцияларын 25%-ға дейін азайтады.

Қолыңызды таза ұстаңыз – денсаулығыңызды қорғаңыз!
Есіңізде болсын: қол тазалығы – сіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығының кепілі.

Индира Кунбасова,

Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.