Қазақстан мен Еуропаны байланыстыратын жаңа бағыт: LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Алматыдан Варшаваға тікелей рейстер ашты

31 мамырдан бастап Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Алматы – Варшава – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Алматы халықаралық әуежайы LOT Polish Airlines әуекомпаниясының алғашқы рейсін салтанатты түрде құшақ жая қарсы алып, дәстүр бойынша ұшақты су доғасынан өткізді.

Енді жолаушылар Алматыдан Варшаваға аптасына төрт рет — дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері, ал Варшавадан Алматыға сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері ұша алады. Ұшу ұзақтығы Варшава – Алматы бағыты бойынша шамамен 6,5 сағатты, ал Алматы – Варшава бағыты бойынша 7,5 сағатты құрайды.

Рейстер заманауи Boeing 737 MAX 8 әуе кемелерімен жүзеге асырылады.LOT Polish Airlines — Орталық және Шығыс Еуропаны әлемнің басқа өңірлерімен байланыстыратын жетекші әуе компанияларының бірі. Жаңа бағыт Алматы арқылы Еуропа елдеріне еркін саяхаттай алады. Сондай-ақ бұл рейстер екі ел арасындағы туристік ағынның артуына, іскерлік байланыстардың нығаюына және мәдени ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал етеді.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі