Air Astana Кипрға рейстерді орындай бастады

Air Astana Астана-Ларнака бағыты бойынша алғашқы маусымдық рейсін орындады. Алматыдан Ларнакаға рейстер 4 маусымда басталады. Рейстер қыркүйек айына дейін заманауи Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.
Астанадан рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері, ал Алматыдан бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы Астана–Ларнака бағыты бойынша 5 сағат 40 минутты, ал Алматы–Ларнака бағыты бойынша 6 сағат 5 минутты құрайды. Рейстер кестесі туралы толық ақпарат әуекомпанияның ресми сайтында қолжетімді.
Барлық алымдарды қоса есептегендегі екі жаққа әуебилет құны эконом-класта Астанадан 286 881 теңгеден, Алматыдан 300 819 теңгеден басталады. Бизнес-кластағы билет бағасы тиісінше 729 184 теңгеден және 783 377 теңгеден басталады. Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында, мобильді қосымшасында және аккредиттелген туристік агенттіктер арқылы қолжетімді.
Ларнака – Кипрдің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан, аралдың ірі қаржы орталықтарының бірі әрі ең танымал туристік бағыттарының бірі. Астанадан орындалған алғашқы рейстің жүктемесі 83%-ды құрады.
Кипрге рейстер Air Astana-ның маусымдық маршруттық бағдарламасына кіреді. 2026 жылғы жазғы кесте аясында әуекомпания Түркия, Грузия және Черногория секілді сұранысқа ие туристік бағыттарға да рейстер орындайды.




