Air Astana Астанадан Гуанчжоуға рейстерін бастады

Air Astana Қытайдың ірі қалаларына бағытталған маршруттық желісін кеңейтуді жалғастырып, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа бағыт 2025 жылғы наурыздан бері аптасына бес рет орындалатын Алматы–Гуанчжоу рейстерін толықтырады. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының орталығы саналатын Гуанчжоу – елдің ең ірі қалаларының бірі әрі маңызды өнеркәсіптік, сауда және көлік орталығы.
Астана-Гуанчжоу рейстері аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Ұшақ Астанадан сағат 18:45-те ұшып шығып, Гуанчжоуға жергілікті уақыт бойынша 04:30-да қонады. Ұшу ұзақтығы 6 сағат 45 минутты құрайды. Рейстер Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.
Гуанчжоу бағытының ашылуы Air Astana-ның Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе байланысын ұзақ мерзімді дамуын көздейді. Бұл бағыттың негізі 2002 жылғы желтоқсанда Алматы мен Бейжің арасында орындалған алғашқы рейспен қаланған болатын. 2026 жылғы жазғы маусымда Қытай бағыттарының басым бөлігінде, соның ішінде Алматыдан Үрімшіге, Гуанчжоуға, Шанхайға, Саньяға және Ининге, сондай-ақ Астанадан Бейжің мен Үрімшіге рейстер жиілігі арттырылады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 51-ге жетіп, әуе компаниясы тарихындағы рекордтық көрсеткішке жетеді.
Air Astana тобы іскерлік және туристік сапарларға арналған мүмкіндіктерді белсенді түрде кеңейтіп, сондай-ақ Орталық Азия, Кавказ, Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жолаушылар легінің дамуына белсенді ықпал етуді жалғастыруда.
Air Astana баспасөз қызметі




