Air Astana тобы жазғы маусымның қорытындысын шығарды

Air Astana тобы (Air Astana және FlyArystan) тарихындағы ең ауқымды болған жазғы маусымның қорытындысын шығарды. Жаздың қызу кезеңінде әуе компаниялары Қазақстан бойынша аптасына 525 ішкі рейс (күніне 75), Кавказға 57 рейс және Қытайға 49 рейс орындады.

“Өткен жазда тасымалдауға деген сұраныс жоғары болды. Біз ұшулардың рекордтық бағдарламасын жүзеге асырып, рейстердің жиілігін едәуір арттырып, маршруттық желіні кеңейту арқылы жүзеге асырдық. Біздің маршруттық желінің икемділігі бізге әуе кемелерін жолаушылар сұранысы жоғары баламалы бағыттарға қайта үлестіруге мүмкіндік берді және «жаңа қалыпты жағдай» аясында біздің қызметіміздің контрциклдік сипатын көрсетеді. Рейстерді уақтылы орындау деңгейі 86% -ды құрады – бұл жоғары көрсеткіш, мен осындай нәтижеге қол жеткізгені үшін операциялық және қосалқы бөлімшелердің барлығына алғысымды білдірем”, – деп атап өтті Air Astana тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.

Негізгі нәтижелер мен жоспарлар:

Қытайға тасымалдау сыйымдылығы 81% -ға артты (2025 жылдың жазымен салыстырғанда): 7 бағыт бойынша аптасына 49 рейс. Алматыдан Шанхай мен Сианьға, Астанадан Гуанчжоуға және Ақтаудан Үрімшіге жаңа бағыттар іске қосылды. Алматыдан Гуанчжоуға ұшу 2026 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап күн сайын орындалады, ал 23 қыркүйекте FlyArystan аптасына 2 рет жиілікпен Алматыдан Чунцинге ұшуды бастайды.

Орталық Азия және Кавказ: Алматы-Ташкент рейстерінің жиілігі алғаш рет күніне 3 есеге дейін өсті. Грузия мен Әзірбайжанға ұшу жиілігі ұлғайды. Самарқанд, Ыстықкөл және Батуми қалаларына FlyArystan жаңа рейстер іске қосылды.

Еуропа және Түркия: Алматы-Лондон рейстері аптасына 4 рейске дейін, Франкфурт – аптасына 11 рейске дейін (Алматы, Астана және Орал қалаларынан), Ыстамбулға 25 рейске дейін және Бодрумға 5 рейске дейін ұлғайтылды. Подгорицаға маусымдық рейстен басқа Алматыдан Ларнакаға (Кипр) 4 қазанға дейін ұзартылған жаңа бағыт іске қосылды.

Азия: Делиге рейстер күніне екі рет, Мумбайға – аптасына 3 рет орындалады. Нячангке рейстер күн сайын, Данангке – аптасына 5 рет, сондай-ақ Таиландқа (аптасына 12) және Оңтүстік Кореяға (аптасына 11) тұрақты рейстер орындалады.

2026 жылғы Топтың жазғы үш айындағы ұшуларды уақтылы орындау көрсеткіші 86%  болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайыздық тармаққа едәуір жоғары. Еуропалық тасымалдаушылармен салыстырғанда Топтың ағымдағы көрсеткіші 16% -ға жоғары (2026 жылғы маусым-шілде). Халықаралық стандарттар бойынша 80% -дан жоғары көрсеткіш операциялық тиімділіктің жоғары деңгейі болып саналады.