Air Astana әуе компаниясының алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы ұшу сынақтарынан өтіп жатыр

Air Astana әуе компаниясы EI-KZA тіркеу нөмірі бар алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын АҚШ-тың Чарлстон қаласында зауытта ұшырып сынақтан өткізе бастады. Мұнда Boeing компаниясының өндірістік кәсіпорындарының бірі орналасқан. Алғашқы сынақ сапар 2026 жылы 1 қазанда өтті.
Қазір Boeing компаниясы алғашқы әуе кемесін тапсырар алдында қажет болатын сертификаттау рәсімдерін жүргізіп жатыр. Алғашқы үш Boeing 787-9 Dreamliner 2027 жылы Air Astana флотының құрамында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Dreamliner ұшақтарының флотқа қосылуы Air Astana әуе компаниясының ұшақтарын жаңғыртуда маңызды кезең болмақ. Алыс қашықтыққа ұшатын жаңа ұшақтар қазіргі бар Boeing 767-300ER ұшақтарын біртіндеп алмастырады әрі операциялық тиімділікті арттыруға ықпал етіп, жолаушыларға өте жоғары дәрежелі жайлылық сыйлап, әуе компанияның халықаралық бағыттар желісін дамытуға жол ашады.



