АҚШ ҚОЛДАУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ ЖОЮ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕДІ

АҚШ пен Қазақстан өкілдері Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облысы, Арыс қаласындағы оқ-дәрілер қоймасындағы нысандарды тапсыру рәсіміне қатысты. Бұл Қазақстанның оқ-дәрілерді кәдеге жарату әлеуетін дамытуға бағытталған құны 9,5 млн АҚШ доллар тұратын жобаны іске асырудағы маңызды кезең болып табылады.
Жоба АҚШ-пен қаржыландырылып, ITF Enhancing Human Security ұйымымен іске асырылады. Мамандандырылған жабдық, техникалық қолдау және тиісті дайындық нәтижесінде бұл жоба Қазақстанның жарамсыз оқ-дәрілерді қауіпсіз кәдеге жарату әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл кездейсоқ жарылыс қаупін азайтып, артық қару-жарақтың заңсыз айналымға түсу қатерін шектейді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Kazakhstan Engineering» компаниясының және оның «Kazakhstan Technologies» (KazTech) еншілес кәсіпорнының өкілдері АҚШ өкілдерімен бірлесіп, соңғы бес жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Осы нысанның алдағы қызметі үшін толық жауапкершілік Қазақстан үкіметіне тапсырылды.
Рәсім барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаментінің бас сарапшысы Павел Филипов, АҚШ бас консулы Питер Кауфман, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, сондай-ақ, Орталық Азия бойынша «ITF Enhancing Human Security» ұйымының өңірлік бағдарламалар директоры Урбан Шпитал сөз сөйледі.
“Бүгінгі күн мақтанарлық, Қазақстанның қауіпсіздікті күшейтудегі маңызды кезеңі әрі нәтижесі,” – деді бас консул Кауфман. “Арыстағы жоба АҚШ-тың өз мойнына алған міндетін орындайтын сенімді серіктес екенін, ал Қазақстан жетекші рөл атқаратын серіктес екенін дәлелдейді.”
АҚШ бұл жобаны үйлестіру, техникалық қолдау көрсету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұмыс ережелерін әзірлеу арқылы қолдап келді. Мамандардың оқ-дәрілердің жай-күйі мен қауіпсіздігін бағалауына көмектесу үшін Аягөз қаласында арнайы оқыту шаралары мен зертханалық зерттеулер жүргізілді. Аталған нысанның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмысы, сапалы техникалық қызметі мен жаңа мүмкіндіктері Қазақстан мен оның халықаралық әріптестерінің оқ-дәрілерді қауіпсіз қолдануына және аймақтағы қауіпсіздікті арттыруға зор ықпал етеді.



