Alatau City Authority ақылды қала саласындағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты арттыруда

Alatau City Authority делегациясы Қытайға жұмыс сапарын аяқтады, оның аясында халықаралық ұйымдармен және технологиялық компаниялармен 20-дан астам кездесу өткізілді. Өзара түсіністік туралы бес меморандумға және Алатау қаласында заттар интернеті, ТКШ цифрландыру, цифрлық қостармақ, smart grid, инженерлік инфрақұрылымды дамыту технологияларын енгізу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларын іске асыру ниеті туралы бір хатқа қол қойылды.
2 қарашадан 11 қарашаға дейінгі аралықта Бейжің мен Наньчанда өткен сапар барысында АСА өкілдері екі халықаралық іс-шараға – Заттар интернеті жөніндегі дүниежүзілік конвенцияға (WIOTC 2026) және Жасанды интеллект және болашақ қаласы бойынша форумға (ZGC AI CITY 2026) қатысты.
Халықаралық алаңдарда Alatau City Authority-дің Ақылды қаланы дамыту және деректерді басқару департаментінің IoT жобаларының бас менеджері Шамиль Домаев жасанды интеллектіні, заттар интернетін (IoT), цифрлық қостармақтарды және қаланы басқарудың зияткерлік жүйелерін енгізуді қоса алғанда, Алатаудың цифрлық инфрақұрылымын дамыту тәсілдерін таныстырды.
Сапар аясында Zhongguancun Smart City, CECEP Lattice Technology, KAIFA, ECOLANT және XORBIS-пен қаланы цифрлық басқару, цифрлық қостармақтарды енгізу, энергия үнемдейтін жарықтандыру және көрнекілендіру технологиялары салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. China Mobile IoT, Freedo, Quectel, Acceleronix, Wi-SUN Alliance, WIOTC, China Telecom E Surfing, Power China, KAIFA және Schneider Electric компанияларымен коммуналдық инфрақұрылымды цифрландыру, ресурстарды зияткерлік есепке алу, энергия тұтынуды басқару, IoT-платформа, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін қолдана отырып, сынамалы жобаларды іске асыру келешегі талқыланды.
Келесі кезең бірлескен техникалық жұмыс топтарын құру, МЖӘ механизмдерін пысықтау және цифрлық қостармақ, ақылды жарықтандыру, ресурстарды зияткерлік есепке алу және энергиямен жабдықтауды басқару салаларында сынамалы жобаларды дайындау болмақ.
Белгіленген бастамаларды іске асыру қаланы қалыптастыру кезеңінде Алатау инфрақұрылымына заманауи цифрлық шешімдерді кіріктіруге, коммуналдық ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға және зияткерлік қалалық ортаны дамыту үшін технологиялық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Alatau City Authority-дің Баспасөз қызметі



