Air Astana Павлодарда Брондау және ақпарат орталығын ашты
Мерейтойды мерекелеу аясында Air Astana әуекомпаниясы өңірлік Брондау және ақпарат орталығының тұсауын кесті.
Брондау және ақпарат орталығы Павлодарда іске бүгін қосылды және Алматы мен Астанадағы филиалдармен қатар әуекомпанияның үшінші бөлімшесі. Брондау және ақпарат орталығының ашылуы әуетасымалдаушының 21 жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Орталықты құру компанияның ESG саясатына сәйкес келеді және Қазақстан қалаларында жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ ірі жұмыс беруші мен салық төлеушісінде мансаптық өсу мүмкіндіктерін ұсынуға бағытталған.
— Павлодарда Брондау және ақпарат орталығын іске қосуы әуекомпанияның өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі саясатының маңызды бөлігі. Біз жергілікті мамандарға Air Astana-мен бірге мансаптық өсу мүмкіндігін береміз, бұл үшін Астана мен Алматыдағы кеңселеріміздегідей қажетті еңбек жағдайларын жасаймыз, — деп атап өтті Air Astana-ның маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбек.
Өңірлік Брондау және ақпарат орталығы үшін Павлодар қаласы мемлекеттік және шет тілдерін жетік меңгерген, қызмет көрсету дағдылары жоғары үміткерлердің көптігімен байланысты таңдалды. Биылғы жылдың басында әуекомпаниясы Павлодарда болашақ қызметкерлерді іріктеуді өткізді. Байқау қорытындысы бойынша 11 үміткер білікті жаттықтырушылар командасында оқудан сәтті өтіп, жұмысқа кірісті. Алдағы уақытта әуекомпаниясы Павлодар Брондау және ақпарат орталығы қызметкерлер санын 60 адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Жаңа Брондау және ақпарат орталығының ашылуы уақыт талабына және компанияның өз қызметін үнемі жетілдіріп отыруға деген ұмтылысына жауап береді. Күн сайын барлық байланыс арналары бойынша әуекомпанияға 2 500 астам өтініш келіп түседі, оның 80% телефон қоңырауларына тиесілі. Орташа алғанда, Air Astana-ның Брондау және ақпарат орталығының операторлары жылына 700 мыңнан астам өтінішті өңдейді. Маршруттық желінің дамуымен клиенттерге телефон арқылы қолдау көрсетуге сұраныс артады деп күтілуде.
Брондау және ақпарат орталығының мамандары қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде білікті кеңес береді. Жолаушылар келесі сұрақтар бойынша жүгіне алады: маршрутты таңдау, билеттерді ресімдеу және өзгерту, рейстердің мәртебесі, әуекомпанияның арнайы және қосымша қызметтері және т.б. Брондау және ақпарат орталығы жолаушыларға тәулік бойы жұмыс істейді.
Жолаушылар кез келген жерден әуекомпанияның байланыс орталығына телефон арқылы хабарласа алады: +7 (727) 244 44 77, +7 (718) 258 44 77, +7 702 702 44 77, +7 702 702 01 48 (WhatsApp чат). Рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда тәуліктік жедел желі: +7(727) 244 44 78.