VI Спартакиадасы аясында әйелдер командалары арасындағы жарыс аяқталды
Щучинск қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы аясында әйелдер командалары арасындағы жарыс аяқталды.
Жарысқа Астана қаласы, Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Павлодар облысы, Ақмола облысы, Алматы облысынан жалпы 6 команда қатысты.
Турнир қорытындысында 10 ұпай жинаған Астана командасы 1-орынға ие болса, 2-орынды 9 ұпаймен Түркістан 9 облысының командасы иеленді. Үздік үштікті 8 ұпай жинаған Павлодар облысының қыздары түйіндеді.
Баскетболдан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Иван Сергеевич Гайна жарыстың жоғары деңгейде өткенін айтты.
«ҚР VI Жазғы Спратакиадасы аясында жарыстарды аяқтадық. Ерлер арасында -7, әйелдер арасындағы жарысқа 6 команда қатысты. Аутсайдерлерді есепке алмағанда командалардың жалпы деңгейі өте жақсы дей аламыз. Жүлдегерлер арасында ҚР Жастар құрамасына үміткерлер бар. Ұлттық құрама жаттықтырушылары үшін кейбір жағдайда шешуші болды деп атай аламыз. Себебі бүгін жоғарғы лига ойындарында өзін көрсете алмаса да, өздерінің аймақтары үшін жақсы ойын көрсеткен баскетболшы қыздарымыз бар. Жарыс жалпы жоғары деңгейде өтті. Трансялция және статистикаға байланысты кемшін түскен жерлерімізді келесі жарысқа дейін дұрыс жолға қоямыз деп ойлаймын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын.» — деді жаттықтырушы.
Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Мамахан Ғалия Нұржанқызы:
«VI Жазғы Спратакиадасы жоғары деңгейде өтті. Осал командалар болған жоқ. Барлық командалар жеңіске жету үшін тырысатыны белгілі. Жүлде алу қиын болады деп келген едік, 2-орын бұйырды. Қуаынышымызда шек жоқ»
Турнир қорытындысы:
1-орын: Астана қаласы
2-орын: Түркістан облысы
3-орын: Павлодар облысы
4 — Шымкент қаласы
5 – Ақмола облысы
6 — Алматы облысы