Алматыда жол талғамайтын премиум TANK 300 көлігі таныстырылды
Алматыда жол талғамайтын Great Wall Motor — TANK 300 қытайлық автоконцернінің таныстырылымы өтті.
Қазақстандық нарыққа TANK брендін ресми түрде «Астана Моторс» дистрибьюторы ұсынады. Компания 2022 жылы брендті нарыққа әкелетінін хабарлаған еді, ал биыл мамырда TANK Kuldjinka — бірінші уәкілетті дилер орталығын ашты.
Автокөліктің жол талғамайтынына ерекше назар аударту үшін презентация «жабайы» пикник стилінде өтті. Онда әйгілі қазақстандық пауэрлифтер мен ауыр атлетика спортшылары өнер көрсетті.
Сонымен бірге мерекелік іс-шарада ең бірінші сатып алушы Мақсұт Жапабаевқа жол талғамайтын көліктің кілті табысталды. Бұл мерекенің ең маңызды сәті болды. Су жаңа көлік иесі не себепті осы автокөлікті таңдағанын айтып берді.
«Жұбайым екеуіміз көлігімізді жаңартқымыз келіп, нарықты зерттеп жүргенбіз. Сол кезде назарым бірден қытайлық автопромға түсті, себебі олар кейінгі бірнеше жылда үлкен серпіліс жасады, технологиясы мықты көліктерді ұсынып жатыр. Кейін TANK-тың хабарландыруын естіп, шолуын көріп, қызығып, қызып кеттім. Өмірімде бірінші рет тест-драйв жасамай, бірден сатып алдым», — деді Мақсұт Жапабаев.
Дегенмен TANK 300-ді Қазақстанда тек Мақсұт емес, презентация қонағы Әділет те асыға күтті. Ол былтырғы қарашадан бастап жол талғамайтын көлікке қатысты барлық жаңалықты қалт жібермей, қарап отырған. Ал бүгін көлікпен танысу үшін арнайы Астанадан келген.
«TANK 300-дің сырт көрінісінің өзі сенім ұялатады. Жол талғамайтын көлікті ұнататындардың бір проблемасы бар. Олар көлігін үнемі жаңартқанды, көлігін күшейтіп, жақсартып тұруды ұнатады. Ал мұнда ештеңе істеудің қажеті жоқ. Мына жол талғамайтын көлікте барлығы бар және ол кез келген экстремал жағдайға дайын. Оған қоса көліктің сипаттамасы да, дизайны да, бағасы да тиімді», — дейді Әділет.