ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылуының 30 жылдығына арналған көрмесі ашылады
2023 жылдың 8 маусымында сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Біз біргеміз» атты ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылуының 30 жылдығына арналған көрмесі ашылады.
Көрме экспозициясына музейдің қорынан алынған 40-тан астам қазақ бейнелеу өнерінің ең ірі коллекциясы және Түркістаннан келген 30 кескіндемелік туындылар ұсынылады. Аталған көрменің міндеті түркі халықтарының рухани жақындасуын және бауырластық бірлігін нығайтуға, түркі әлемінің бай мәдени мұрасын сақтауға және таныстыруға жәрдемдесу болып табылады.
Мерейтойлық көрме көшпенділер мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырады. Ежелгі заманнан бері түркі халықтарын біріктіріп келе жатқан рухани және этикалық құндылықтар Қазақстанның әр түрлі ұрпақтарының танымал суретшілерінің шығармаларынан көрініс табады. Олар Шығыс өнеріне тән түрлі-түсті ою-өрнектер мен пішіндердің талғампаз бейнелеріндегі кодтар арқылы белгіленген. Суреттерде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тарихы бейнеленген, Дала өлкесінің ұлттық мәдениеті мен қайталанбас табиғатының көрнекті қайраткерлерінің бейнелері ұсынылған.
Экспозиция Қазақстан өнерінің көрнекті шеберлерінің туындыларымен таныстырады. Қазақстанның халық суретшілері Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмаилов, Сабыр Мәмбеев, Айша Ғалымбаева, Қанафия Телжанов, Молдахмет Кенбаевтың жұмыстары адамды қоршаған әлемді пантеистік тұрғыдан қабылдаудың біртұтас сезіммен біріктіреді.
Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі алуан түрлі стилистикалық үрдістердің болуына қарамастан, көрме қазақ халқының фәлсафасын, ділін, ұлттық нақышын білдіруге бағытталған. Экспозиция – жеке суретті немесе олардың жиынтығын алғанда – Азияның жүрегінде орналасқан елдің өзіндік ерекшелігін белгілейтін Қазақстан тарихының, оның халқының, табиғаты мен дәстүрлерінің биік рухының көрінісі болып табылады.
Көрме жетекшісі: Мұқажанова К.