Тау курорттарының Еуразиялық альянсын құру туралы келісімге қол жеткізілді
«Шымбұлақ» (Қазақстан Республикасы), «Амирсой» (Өзбекстан Республикасы) және «Роза Хутор» (Ресей Федерациясы) тау курорттарының басшылары Тау курорттарының еуразиялық альянсын (ТКЕА) құру туралы келісті. Тиісті Меморандумға осы күндері Сочи қаласында өтетін ТМД елдері үкімет басшыларының кезекті кездесуіне орайластырылған «Еуразия — біздің үйіміз» көрмесінде қол қойылды.
Тараптар Еуразиялық кеңістікте ішкі туризмді ілгерілету, Еуразияның тау курорттарын бірлесіп дамыту, кәсіби қарым-қатынас, үздік тәжірибелермен алмасу және сала көшбасшылары — тау курорттарының брендтерін нығайту, қатысушы елдердің табиғи және мәдени мұрасын сақтау және өзара танымал ету және салауатты өмір салты идеяларын ілгерілету үшін ортақ платформа құру туралы келісімге келді.
Сондай-ақ, жаңа бірлестіктің маңызды міндеті Еуразия құрлығындағы достық, тату көршілік, сенім және өзара түсіністік аумағын кеңейту және нығайту болып табылады.
— Біздің курорттардың әрқайсысында туризмді дамытуда, жаңа техникалық шешімдерді енгізуде, курорттардың тартымдылығын арттыруда, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгілі бір әлеует жинақталған. Біз мүмкіндіктерімізді біріктіріп, осы синергияны пайдалана отырып, ауқымды міндеттерді шешуді, бірлескен жобаларды дамытуды, біздің курорттарды одан әрі жақсарту үшін озық тәжірибе алмасуды және сол арқылы елдеріміздің тұрғындары үшін туристік көкжиектерді кеңейтуді қалаймыз, — деп атап өтті «Шымбұлақ» тау курортының бас директоры Ринат Абдрахманов.
Альянс қатысушылары жақын арада келесі жобаларды жүзеге асыру үшін өз мүмкіндіктерін біріктіреді деп келісті:
- Мемлекетаралық туристік тау маршруты ұйымы;
- Еуразия тау курорттарының жыл сайынғы фестивалін өткізу;
- «Еуразия таулары» сыйлығын ұйымдастыру;
- Жыл сайынғы «Табиғи туризм: жаһандық сын-тегеуріндер мен перспективалар» конференциясын өткізу;
- Қатысушы елдердің тау курорттарында Клубтың жыл сайынғы кездесулерін өткізуді қоса алғанда, Еуразияның белсенді журналистер клубын құру;
- Еуразиялық жаяу жүргіншілер тау бағыттары қауымдастығын құру және Қауымдастықтың жыл сайынғы форумдарын өткізу;
- ТКЕА басты спорттық және музыкалық фестивальдардың күнтізбесін құру және ілгерілету.
Жаңа қоғамдық бірлестіктің штаб-пәтері Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында орналасады. ТКЕА жетекшісі болып қазақстандық журналист және қоғам қайраткері Андрей Кукушкин сайланды.
— Біздің елдеріміз бен Еуразиялық өңірдегі туристік сала қызметтерінің көлемі тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Еуразиялық альянсты құру тау курорттарын интеграциялаудың эволюциялық процесі болып табылады, ол қонақтардың келу жағдайын жақсартуға, олардың тартымдылығын, көрсетілетін қызметтер мен сервистің сапасы мен әртүрлілігін арттыруға, сондай-ақ әрбір курорттың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл өңірдегі мәдени және ұлтаралық ынтымақтастыққа оң әсерін тигіздек, — деді «Амирсой» курортының бас директоры Саидвали Саидхожаев.
Еуразиялық тау курорттарының альянсы басқа елдер мен қатысушылар үшін ашық болып қала береді.