Korea Spotlight атты K-pop музыканың шоу-кейс фестивалі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Соңғы күндері өткен аты шулы оқиғалардың бірі жанкүйерлердің ғана емес, фестивальге келген қонақтардың, яғни Оңтүстік Корея әртістері мен олардың продюсерлерінің де күткенінен әлдеқайда керемет болып өтті. Естеріңізге салсақ, 23 маусым күні Forum Almaty СОО-ның Event Space сахнасында түрлі елдерде және Coachella фестивалі секілді белгілі алаңдарда танымал болып үлгерген W24, KISU, THE SOLUTIONS, MustB секілді әйгілі халықаралық К-pop топтар өнер көрсетті. W24 тобының қатысушылары Виктор Цойдың “Группа крови” шығармасын және Ninety one тобының “Қайтадан” атты танымал композициясын орындап, көрермендердің жүректерін жаулап алды. DPR IAN осы шараның хедлайнері және арнайы шақырылған қонағы болды.
Концерт болатын күннің қарсаңында 22 маусымда өткен панельдік пікірталас та қызықты болды. Шараның ресми бөлігінде Оңтүстік Кореяның дарынды орындаушылары ТМД және РФ муыкалық бизнесінің сарапшылары алдында өнер көрсетуге тиіс еді. MustB тобының продюсері Джунг Хосунг мырза секілді музыкалық продюсерлер Қазақстанда жаңа байланыстар мен серіктестер іздеген болатын және шара нәтижесінде Алматы мен Астана қалалары үшін ұзақмерзімді жоспарлар құрды. Басқа тақырыптармен қоса, әлеуметтік желілерде мықты жанкүйерлер тобын қалай құру және дарындарды алға жылжыту үшін әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін қалай пайдалану керектігі талқыланды. Мәселен, бүгінгі таңда ВКонтакте коммуникацияның кез келген түріне және өз контентіңді алға жылжытуға арналған өнімдердің толық жиынтығын ұсынады, олар: мессенджер, қоңырау шалу, музыка, видео, клиптер (қысқа вертикалды видео), танысулар, тізбек, мини қолданбалар платформасы және т.б. Осы құралдарды музыка индустриясының өкілдері, актерлер мен ивент-агенттіктері ғана емес, брендтер де білек сыбана қолданып келеді.
Оңтүстік Корея елінің орындаушылары келер күннің қарсаңында жергілікті брендтер арасында қызықты коллаборация туындады. iTeacher академиясы Samsung Kazakhstan компаниясымен біріге отырып, планшеттерге фан арттар салу бойынша “К-pop жұлдыздары шабыттандырған” деп аталатын мастер-класс өткізді.
Қонақтар қазақстандықтар оларды жақсы күтіп алады деп сенгендерін, бірақ келген кезде жергілікті халық оларды соншалықты жылы әрі шынайы көңілмен қарсы алатынын күтпегендерін мойындады. Оған қоса, фестивальдің жеке қатысушылары Алматыда серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, болашақтағы қызықты коллаборациялардың негізін қалады. Осылайша W24 тобының қатысушылары қазақстандық танымал блогер Сүлейменмен @de.sula бірге TikTok-қа арналған видео түсіріп, оның жолдастары Сергей @jeybius және Алинамен @dovetaill_7 достасып, әрі қарай серіктес болуды шешті. Қазақстандық жас блогерлер кәріс әртістерімен танысу және ортақ жұмыс істеу мүмкіндігіне қуанышты болды.
“W24 қатысушыларының бірі Чонгильдің әкесі “Чу а нэ” кәріс мейрамханаларының иесі екен, жігіттер бізді сол жерге қонаққа шақырды, — деді Сүлеймен. – Олар өте тартымды адамдар, біз Қазақстан мен Кореядағы өмірдің ерекшеліктері туралы әңгімелестік. Жігіттер өте позитивті және қарапайым екен. Біз көп қалжыңдастық, енді олар менің Хёндарым (бауырларым). Сондай-ақ, біз The Solutions тобымен және Kisu соло әртісімен таныстық. Біз онымен де серіктес болуға келістік. Біз танысқан барлық әртістер өте сыпайы әрі жылы шырайлы болды. Біз жақсы әсер алдық”.
Kisu сахнада өнер көрсетіп жатып, өзінің тыңдармандарын келесі күні кездесуге шақырып, жанкүйерлерін қатты қуантып қойды. Бұл кездесу 24 маусым күні Smart Point алаңында өтті. Кездесу барысында әнші автографтар таратып, жанкүйерлерімен суретке көп түсті және олар үшін бірнеше ән орындап берді. Ал үйіне керемет сыйлықтармен қайтты, оның ішінде домбыра да болды.
Көптеген Оңтүстік Корея орындаушыларын тәрбиелеген BEYOND ENTERPRISE OU президенті Ким Сонг Кванг мырза Алматыда тағы бірнеше күн болатынын және осы жерді зерттейтінін айтты. Олар жергілікті табиғат пен көріністерге ғашық болғаны соншалық, клип түсірулері де мүмкін екенін хабарлады.
“Қазан немесе қараша айында осы жерде Kisu жеке концертін беру үшін Қазақтан туралы көбірек ақпарат алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ол біздің дәстүрлеріміз бен менталитетіміздің ұқсастығын атап өтіп, біздің елдеріміз арасында ұзақмерзімді серіктестік орнату үшін мұның өте маңызды екенін айтты. “Біз жаңа әрі қызықты жобалар жасау үшін ең басты мақтанышымыз – мәдени және отбасылық құндылықтарымызды біріктіре аламыз. Егер Қазақстанда көп еңбектенуге дайын, қабілетті жастар табылатын болса, біз өз тарабымыздан дарындарды тәрбиелеу тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз”, – деп мәлімдеді Ким Сонг Кванг мырза.
Болашақта Қазақстандағы K-pop музыканың жанкүйерлерін көп жаңалықтар күтіп тұрғанға ұқсайды.
Фестиваль KOCCA және Алматы қаласында 2017 жылғы 17 шілдеде өз есігін алғаш ашқан Корея Ұлттық туризм ұйымының KNTO өкілеттігі демеуімен өтті. Өкілеттіктің қызмет аясы – Орталық Азияның бес елі: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан. KNTO жұмысымен толығырақ visitkorea.or.kr сайтында танысуға болады.