Алматыда «Coca-Cola-мен ЭкоТарихтар» атты алғашқы экологиялық іс-шара өтті

«ЭкоТарихтар» – бұл күнделікті тіршілігінде экологиялық өмір салтын ұстанатын және осынау құндылықтарды құруға өз үлесін қосуға дайын жандарға арналған іс-шаралар легі. Бұл жолғы бастама «Астана» алаңының солтүстік скверінде өтті. Жобаның басты идеясы – қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу мен жауапкершілікті тұтыну мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ қала тұрғындарына қайталама шикізаттың (мысалы, пластмасса) бағалы екендігі туралы айту.

«Coca-Cola-мен ЭкоТарихтар» ұйымдастырушылары қонақтар үшін бірнеше тақырыптық аймақтар құрды. Ол жерлерде қалдықтар бөлек жиналып, өсімдіктер мен кітап алмасу ұйымдастырылды. Акцияның арқасында алматылықтар 1 тоннадан астам әртүрлі тұрмыстық қалдықтар жинаған айта кету керек:

— макулатура – 148 кг

— картон – 89 кг

— пластик 1 – 64 кг

— пластик 2,4,5 (қатты және жұмсақ) – 102 кг

түссіз әйнек – 159 кг

қоңыр әйнек – 127 кг

жасыл әйнек – 139 кг

— алюминий банкалар – 10 кг

консерві банкалары – 24 кг

— электрондық қалдықтар — 105 кг

мерзімі өткен дәрі-дәрмектер – 29 кг

— батарейкалар – 25 кг

Мұнан да бөлек, тегін жәрмеңкенің арқасында 15 қорап пен 17 пакет киім жиналып,  ол одан әрі қарай мұқтаж жандарға тарату үшін қайырымдылық қорларына жіберілді.

«Біздің компания бизнесті барлық салада тұрақты ету жолында көп жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр. Соңғы жылдары бастамалар қатарын арттырып қана қоймай, осы салада алдымызға ауқымды міндеттер қойып отырғанымызды да атап өту керек. Мысалы, 2030 жылға қарай CCI Kazakhstan Қазақстан нарығына шығарылатын баламалы қаптама көлемін 100% жинап алуды жоспарлап отыр. Біз тұрақты даму саласында маңызды қадамдар жасайтынымызға сенімдіміз және мұндай іс-шаралар көздеген мақсаттарымызға жетуге көмектеседі. Әрине, біз белгілі бір қиындықтарға тап болармыз, бірақ бұл жолда да жалғыз емес екенімізге сенімдіміз.Осындай бастамалар бізді қолдауға және бізге қосылуға серпін береді деп үміттенеміз», дейді CCI Kazakhstan  корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

 

Тағы бір айта кетерлігі, CCI Kazakhstan RecyleBirge компаниясымен бірлесіп Алматы қаласының тұрғындарын мейлінше көбірек тарту мақсатында тағы да осындай бірнеше акция өткізуді жоспарлап отыр.