«Добролапы» жобасы аясында Қазхромның қолдауымен Ақтөбе мен Павлодар қалаларында бұралқы ит-мысықтарды зарарсыздандыру жұмыстары жүруде
«Қазхром» компаниясының бастамасымен 2023 жылдан бастап екі жыл бойы Ақтөбе мен Павлодар қалаларында 110 ит пен 295 мысыққа ота жасау жоспарлануда. Бұл мақсатқа 5,2 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Бүгінгі күні қалалар мен оның тұрғындарын алаңдататын күрделі мәселелердің бірі – иесіз жануарлардың көбеюі. Мұндай иттер мен мысықтардың санын азайтудың күрделі де өзекті мәселесі қазір заңнамалық деңгейде реттелді. Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қабылданға дейін адамдар хайуанаттарды аулап немесе өлтіре алатын. Былтыр осы заң қабылданғаннан бері билік ауланған иесіз иттерді жаппай зарарсыздандыруды жариялады.
«Қазхром» компаниясы бірінші болып бұралқы ит-мысықтарды азайтудың гуманистік әдісін қолдады. «Добролапы» пилоттық жобасы 2019 жылы қолға алынып, күні бүгінге дейін 334 мысық пен 174 ит тегін стерилденді. Қазхром осы мақсатқа жыл сайын 11 миллион теңгеден астам қаражат бөледі. Осы уақыт аралағында жұмысты серіктес ретінде «4 лапы» ветеринарлық клиникасы мен еріктілер бірге жүргізіп келеді.
Биыл жобаның географиясы кеңейді. Қазхром серіктестері – «Сердца Павлодара» жануарларды оңалту орталығымен бірлесіп, Павлодар қаласында аталған бастаманы жүзеге асыруда.
Ақтөбеде хайуанаттар еріктілері мен жануарлар құқығын қорғаушылар «Добролапы» бастамасының көмегін жоғары бағалап үлгерді. Ақтөбенің қамқор тұрғындары бұған дейін жануарларды аулаудан аман алып қалғанымен, оларды зарарсыздандыруды өз қаражаттарына жасаған еді. Енді жобаның арқасында оларды ветеринарлық емханағаға отаға жаздырып, тегін зарарсыздандыруға болады.
Тегін зарарсыздандыру тек «иесіз» жануарларға ғана жасалады. Итті тіркеу үшін жобаның еріктілер кураторына +77058392651 ватсап-нөмірі арқылы байланысу қажет. Тіркелу «Четыре лапы» клиникасында жүргізіледі. Ветеринарлық клиниканың қызметтік пакетіне стерилдеу бойынша тегін ота мен биркамен таңбалау кіреді.
– Иесіз жануарлар адамның жауапкершілігін көрсетеді. Ал оларға адамгершілікпен қарау – біздің міндетіміз, — дейді «4 лапы» ветеринарлық клиникасының басшысы, ветеринар Ольга Опря. – «Қазхром» компаниясы бесінші жыл қатарынан мұндай жануарларды зарарсыздандыруға демеушілік жасап келеді және осылайша жануарларға өз күштерімен қамқорлық танытып жүрген еріктілерге үлкен қолдау көрсетуде. Бұл қаламыздағы иесіз хайуанаттардың жағдайын жақсартуға деген үлес. Әрине, жұмыстың өзіндік қиындықтары да бар. Бірақ «Қазхром» сияқты алпауыт компаниялар біздің миссиямызды түсініп, қолдау көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр.