Туризм күніне арналған негізгі цифрлар
27 қыркүйек әлемде 1979 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас Ассамблеясының бекітуімен халықаралық туризм күні атап өтіледі. Биылғы мерекенің ұраны – «Туризм және жасыл инвестиция».
2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстанның туризм саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Мысалы, өткен жылы олардың көлемі 513,3 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, аталған кезеңде елімізде 400-ден астам туристік нысан салынды. Биыл 288 миллиард сомаға 115 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып жатыр, олар 14 мыңнан астам төсек-орын және 1,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрайды.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы туристік қызметтен түсетін салық түсімдерінің көлемі шамамен 208 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4% — ға артық. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткіш 389 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің қонақ үйлері туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% — ға артық. Ал биылғы жылдың алғашқы 6 айында орналастыру қызметтерін пайдаланған ішкі туристер саны 3,1 млн адамға жетті. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 мың адамға көп. Экотуристер саны 2 миллионға дейін өсті.
Ал осы жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізге тоқтаған шетелдік туристер саны 516 мыңды құрады-өткен жылдың алғашқы 6 айындағы нәтижеден 1,8 есе жоғары. Бұл ретте орта есеппен алыс шетелден келген бір қонақ Қазақстанға 1500 доллар табыс әкеледі.
Сонымен қатар, елімізде туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 шарасы бар.
Оларды атап айтсақ: әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау, балалар үшін Қазақстан бойынша авиабилеттердің құнын субсидиялау (Kids Go Free бағдарламасы), кәсіпкерлерге тау шаңғысы жабдықтарын, көлік құралдарын сатып алуға (25%), жол бойындағы сервис, туристік нысандарды салуға және реконструкциялауға шығындардың бір бөлігін (10%) өтеу, сондай-ақ субсидиялар, санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға (айына 83 300 теңге) арналған шаралар.
Осы шаралар аясында бүгінгі таңда ЖАО жалпы сомасы 480 млн теңгеге шығындарды ішінара өтеуге 29 өтінімді мақұлдады.
Сондай-ақ туристік кэшбек тетігі әзірленуде, соның арқасында Қазақстан азаматтары ел ішінде саяхаттау кезінде тур құнының бір бөлігін қайтара алады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда туроператорлық қызметпен айналысуға 380 лицензия берілген. Көшпелі туризмде 34 лицензия, ішкі, кіру және шығу туризмі саласында – бірдей, ал ішкі, келу туризмі саласында – 312 лицензия қолданылады.
Сонымен қатар, жаңа кадрларды даярлау қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, осы оқу жылының соңында Түркістандағы Халықаралық Туризм және меймандостық университеті алғашқы түлектерін шығарады.
«Туризм саласының барлық қызметкерлерін халықаралық туризм күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, кәсіптеріңзге табыс және жеке бақыт тілеймін. Мемлекет басшысы туризм Қазақстан экономикасының маңызды секторына айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Біз бұл мақсатқа қадам бастық, сондықтан да баршамыз осынау ортақ іске маңызды үлес қосамыз», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.