Қазақстан «Орталық Азия – Корея Республикасы» 16-шы ынтымақтастық форумына қатысты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия — Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының 16-шы отырысына қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Корея Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар көлік және логистика, денсаулық сақтау және медицина, климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және ғылым, сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Форум «алаңында» ҚР Сыртқы істер министрі Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездесу өткізіп, онымен екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.