Авиация саласының сарапшылары GRF енгізу стандарттарын талқылады
Алматыда ҰҚЖ – GRF бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматына арналған семинар өтуде. Семинарды «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиация саласының субъектілеріне және Қазақстан мен көрші елдердің азаматтық авиация билігіне GRF мәселесін талқылау үшін алаң ұсыну мақсатында, сондай-ақ GRF енгізу тәжірибесімен алмасу және туындайтын қиындықтарды шешудің тиімді жолдарын әзірлеу мақсатында өткізуде.
Семинарға ИКАО, АҚШ Азаматтық авиациясының федералды билігі, Ирландияның азаматтық авиация билігі, IATA сарапшылары, Финляндиядан келген мамандар GRF саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді ұсыну үшін шақырылды.
Айта кету керек, Қазақстан аумағындағы климат суық қарлы қыста күрт континенталды, оның барысында әуежай қызметтері әуеайлақтарда жауын-шашынның барлық түрлерімен бетпе-бет келеді. Сондықтан Қазақстан үшін GRF енгізу ұшуды жоспарлау мен орындаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі тұрғысынан маңызды оқиға болып табылады. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып GRF енгізілгенін жариялады.
Семинар-ұшу-қону жолақтарын пайдалану қауіпсіздігін арттыру мәселесіндегі тағы бір қадам. Қазақстан ұшу қауіпсіздігі саласындағы ең жоғары стандарттарды ұстанады және осы мақсатқа байланысты міндеттерді дәйекті түрде шешеді.
Қазақстанның барлық әуежайлары 2021 жылғы 4 қарашадан бастап ИКАО стандарттарына сәйкес GRF талаптарын қамтамасыз етеді, ҰҚЖ жай-күйі туралы бағалауды жүргізеді және хабарламаны қалыптастырады, SNOWTAM жариялауға өтінімдер береді.
Бүгінгі таңда бірқатар елдер GRF стандарттарын қолдана бастаған жоқ, сәйкесінше оларды және осы елдердің әуежайларын қолданбайды.
ИКАО-ның кез келген жаңа стандартын табысты енгізу үшін мемлекеттік органдар мен саланың қажырлы дайындығы мен өзара іс-қимылы, нақты жоспар, мамандарды оқыту, осы енгізудің тиімділігін талдауды орындаумен және тиісті жетілдірумен бірге енгізу процесін дәйекті үйлестіру қажет.
GRF әдістемесі ұшу-қону жолағының жай-күйін бағалауды жүргізуге және ұшу-қону жолағының беткі жағдайлары туралы хабарламаны дайындауға бүкіл әлемде біркелкі тәсілді қамтамасыз ете отырып, әуе кемелерін ұшу-қону жолағынан тыс жерге домалату жағдайларының алдын алу жолымен ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. ҰҚЖ жай-күйі туралы есептерді әуе кемелерін өндіруші ұсынған ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамалары туралы деректермен салыстыра отырып, ұшу экипажы қауіпсіз қону үшін ұшу-қону өнімділігін есептей алады.