HUAWEI жаңа өнімдері Дубайда таныстырылды
Huawei компаниясы «Әсемдікке қол соза отырып» ұранымен тұсаукесер өткізді, осы орайда 13,2 дюймдік HUAWEI MatePad Pro планшеттері, PaperMatte нұсқасындағы HUAWEI MatePad Air, HUAWEI MateBook D 16 ноутбугы, сондай-ақ ашық үлгідегі озық құрылымды HUAWEI FreeClip құлаққаптары ұсынылды. Технологиялар мен сәнді дизайн үйлескен жаңа өнімдер бұрынырақ ұсынылған «Озық трендтер» тұжырымдамасының жалғасы болды.
HUAWEI MatePad Pro 13,2 планшеті: креативті істердегі ақылды көмекші
13,2 дюймдік HUAWEI MatePad Pro планшеті 580 г-дық жеңіл салмағымен және 5,5 мм-лік қалыңдығымен ерекшеленеді. 3,4 мм жіңішке жақтауы және 94%[1] үлкен пайдалы ауданы HUAWEI X-True™ технологиясымен және HUAWEI SOUNDTM жүйесімен үйлескенде ойын-сауық контентіне толығымен шомып кетуді қамтамасыз етеді.
NearLink технологиясымен және HUAWEI Smart Magnetic Keyboard пернетақтасымен бірге HUAWEI M-Pencil (3-ші буыны) стилусы шығармашылық үшін қосымша мүмкіндіктер туындатады.
HUAWEI M-Pencil (3-ші буыны) планшетке NearLink арқылы қосылады, сондай-ақ ол басуды 10 000 деңгейлік сезімталдықпен сезеді және жылдам жауап қатуымен айрықша болып келеді. Толық өлшемді тачпадпен жабдықталған алмалы-салмалы жаңа HUAWEI Smart Magnetic Keyboard пернетақтасы бірнеше секунд ішінде планшетті компьютерге айналдырады.
Сонымен қатар компания ажыратымдылығы 2800×1840 пиксельден тұратын және жаңаруының максималды жиілігі 144 Гц құрайтын PaperMatte бұлыңғыр экранымен жабдықталған PaperMatte нұсқасындағы HUAWEI MatePad Air планшетін де ұсынды. Бұл құрылғы оқу және жазу барысында контентпен мейлінше ыңғайлы жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
HUAWEI FreeClip құлаққаптары: технология мен сәннің өзара үйлесімі
HUAWEI FreeClip жаңа құлаққаптары ашық үлгідегі алдыңғы қатарлы құрылымымен ерекшеленеді және инновациялық C-bridge design иілгіш коннекторы секілді айрықша элементпен жалғанған екі бөлшектен тұрады. Коннектордың арқасында сәнді құрылғы құлаққа жайлы киіліп, жағымсыз әсер туындатпайды. Қабында зарядталған HUAWEI FreeClip құлаққаптарымен 36 сағатқа дейін аудио тыңдауға болады. Құлаққаптардың екеуінің де құрылымы бірдей және бірін-бірі алмастыра бере алады, қоңырау шалған кезде жасанды интеллектке негізделген шуылды басу қызметі де бар және бір уақытта екі құрылғыға қосыла алады.
HUAWEI MateBook D 16 2024 ноутбугы: шағын корпус, мол мүмкіндіктер
HUAWEI MateBook D 16 ноутбугы көзді қорғау режимі бар HUAWEI FullView 16-дюймдік экранымен жабдықталған. Осы ретте ноутбуктың салмағы небары 1,68 кг құрайды, бұл кейбір 15,6-дюймдік ноутбуктерге тән салмақ, ал оның қалыңдығы 17 мм тең. Экранның пайдалы ауданы 90% қамтиды, осының арқасында шығармашылық жұмыстар үшін қосымша кеңістік қолжетімді болады, ал 180-градустық бұрылмалы ілмегі экранды ыңғайлы бұрышта қоюға және максималды қолайлылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ноутбук 13-ші буындағы H сериясының Intel® Core™ процессорымен, екі Shark fin желдеткіші бар салқындату жүйесімен және сыйымдылығы 70 Вт*сағ дейінгі батареямен жабдықталған. Осының барлығы ресурс сыйымдылығы мол міндеттерді бір уақытта әрі жеңіл атқаруға мүмкіндік береді. HUAWEI MateBook D 16 құрылғысы Wi-Fi SGS сигналының сапасын сертификаттау жүйесі бойынша 5 жұлдызға ие болған әлемдегі алғашқы ноутбук болып табылады. Ноутбук 270 метрге дейінгі аса ұзақ қашықтықтарда желіге қосыла алады. Сонымен қатар бұл үлгідегі ноутбук «Суперқұрылғы» қызметін және ақылды бейнеконференция режимдерін ұстанады.
Бұдан бөлек, 2024 жылғы 5 қаңтарда GoPaint-пен серіктестікте өткізілетін ғаламдық шара болатыны жайлы жарияланды. Осы шара аясында Huawei компаниясы бүкіл дүние жүзіндегі сандық контент құрушылар өз жұмыстарын жариялай алатын платформаның тұсауын кеспекші. Компания бұл әрекет көптеген адамдарды шығармашылықпен айналысуға ынталандырады деп үміттенеді.