Шымкентте «ЖК-OTAU KZ» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 450 млн теңгеге жуық шығын келтірген
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЖК-OTAU KZ» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
2018 жылдан бастап екі ұйымдастырушы салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Сот үкімімен бұл азаматтар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. (https://www.instagram.com/p/Css_kOPNFjf/?igshid=ZWI2YzEzYmMxYg==)