Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Жандос Әбілғазыұлы Әлімов облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы лауазымына тағайындалды.
Ол 1988 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті жанындағы құқық және экономика колледжін, 2010 жылы «Қайнар» университетін, 2014 жылы «Тұран» университетін және 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Шалқар ауданының әділет басқармасының жетекші маманы болып бастады.
Еңбек жолының басым бөлігінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде сот орындаушысы, сарапшы, басқарма басшысы, Қостанай облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.