Сәулетші Нұрлан Камитов «Жыл кәсіпкері 2023» ұлттық байқауында жеңімпаз атанды
Қазақстандық сәулетші, «INK Architects» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Камитов «Жыл кәсіпкері 2023» ұлттық байқауында «Қазақстанда жасалған» номинациясының жеңімпазы атанды. Байқауды Ernst & Young жыл сайын Қазақстанда өткізеді.
Нұрлан Камитов — Қазақстандық сәулетші, Riba Британдық сәулетшілер корольдік институтының құрметті мүшесі, AIA американдық сәулетшілер институтының мүшесі, Мәскеудегі Халықаралық Сәулет академиясының (IAAM) профессоры және корреспондент-мүшесі, Алматы және Астана қала құрылысы кеңесінің мүшесі.
Нұрлан Камитов негізін қалаған «Ink Architects» — қазақстандық, ірі, толық циклді жобалау компанияларының бірі. Нұрлан Камитовтың басшылығымен және тікелей қатысуымен сәулетшілер тобы 20 жыл ішінде 9,8 млн шаршы метрден астам көпфункционалды және тұрғын үй кешендерін, қонақ үйлер мен мәдениет нысандарын, қоғамдық және коммерциялық орындарды жобалады. Бұл 600-ден астам жоба. Компания штатында -100 адам бар.
«Ink Architects» компаниясының ірі бірегей жобаларының ішінен: Hilton Expo Astana бес жұлдызды қонақ үйі, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенін (Астана қ.), сондай — ақ Қазақстанда да, шетелде де жүздеген басқа да ірі және табысты жобаларды ерекше атап өтуге болады.
«INK Architects» байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасына көрсеткен құрметі мен сеніміне алғыс білдіреді, барлық жүлдегерлерді жеңісімен құттықтайды.
EY халықаралық байқауы Қазақстанда 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған қатысушылар ел нарығындағы көшбасшылар болып табылады.