ҰБТ кезіндегі апелляция қалай жүргізіледі?!
ҰБТ-ны электрондық форматқа ауыстырғаннан кейін емтихан нәтижесін бірден көру мүмкіндігі пайда болды. Жиналған ұпайлар экранда көрсетіледі, бұл талапкерлерге өз нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қатысушылар тестілеу қорытындысымен келіспеген жағдайда бірден апелляцияға бере алады.
Талапкерлер тест нәтижелеріне сұрақтардың мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да апелляцияға бере алады.
Сұрақтардың мазмұны бойынша апелляция тестілеу аяқталғаннан кейінгі алғашқы 30 минутта беріледі және ол дәлелді түсініктемемен негізделуі керек.
Егер тестіленуші дұрыс жауапты табуға кедергі келтіретін тапсырма шарттарында фрагменттің (мәтін, схема, сызбалар, кестелер) жоқтығын анықтаса, техникалық себептер бойынша апелляцияға бере алады.
«Апелляцияны тек қызық көріп немесе қосымша ұпайларға үміттеніп, тиісті негіздемесіз беруге болмайтынын атап өткен жөн. Ол сұрақтардың немесе жауаптардың сәйкес келмеуі, сондай-ақ техникалық себептер бойынша ғана берілуі керек. Апелляциялық сұрақтардың барлығын Республикалық апелляциялық комиссия 30 жұмыс күні ішінде қарайды», — деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Сертификат апелляциялық шағым туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.