Асы обсерваториясының маңында қар көшкінінің өздігінен жүруі орын алды
2024 жылғы 9 ақпанда сағат 11:35-те Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген ауылы — Батан» автожолының 24 шақырымында тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты жалпы көлемі 216 текше метрді құрайтын қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды. Қар көшкіні автожолды жауып тастады. Түрген өзенінің арнасы бойынша су еркін өтуде. Зардап шеккен азаматтар мен ғимараттар жоқ.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 1 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді. Сондай-ақ, «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері автожолды тазартумен айналасуда.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ — нің 2023 жылғы 08 қарашадағы хатына сәйкес, азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында аталған автожол 2024 жылғы 01 мамырға дейін жабық.