Ақтөбе облысы әкімі аппараты жаңа басшылар тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Ләззат Аманжолқызы Оразбаева Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ләззат Аманжолқызы 1971 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін, 1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2016 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін және Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Шалқар ауданының Тоғыз орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.

1997 – 2011 жылдары Ақтөбе қаласының №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры; 2011 – 2021 жылдары Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2021 жылдың қараша айынан бастап 2024 жылдың қаңтарына дейін Ақтөбе  облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Ержан Мұздыбайұлы Мұздыбаев  Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ержан Мұздыбайұлы 1991 жылы дүниеге келген. Білімі — жоғары.  2012 жылы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін, 2017, 2021 жылдары Қазақ-Орыс Халықаралық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының инспекторы болып бастаған. Аталған басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.