Білім мен ғылымның ордасы
15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні. Қара шаңырақ осы жылы 90-жылдық мерейтойын атап өтті.Жоғары оқу орны халықаралық QS рейтингінде 230-орын иеленетін отандық жалғыз университет. Орталық Азия бойынша да өзінің көшбасшылық позициясын сақтап келеді. Әлемдік рейтингке ТМД елдерінен тек екі университет – Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ топ 250-ге кіреді. Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы QS Asia University Rankings бойынша да Азиядағы үздік және алғашқы 30 жоғары оқу орнының қатарында.Білім ордасы «зерттеу университеті» мәртебесіне ие. 2022 жылғы 25 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
1934 жылы алғаш 54 студентпен ашылған университетте қазіргі таңда 25 мыңнан астам білім алушы бар. 90 жыл бұрын физика-математика және биология факультеттері жұмыс істесе, қазір олардың саны 16-ға жетті. 1941 жылға дейін 14 білім бағдарламалары бекітілсе, 2023-2024 оқу жылында олардың саны 550-ден асты. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан дәріс оқыған аудиторияларда ҚР ҰҒА 11 академигі, ҚР Жоғары мектебінің 3 академигі, ҚР Жоғары мектебі Ғылым академиясының 8 академигі, 7 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі еңбек етеді. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD өз үлесін қосуда. Жалпы саны 3354 оқытушы-профессорлар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың жоғары сапасы мен тиімділігін жүзеге асыруда.2023-2024 оқу жылына 10 719 талапкер қабылданып, білім алушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3000 ға артты. ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.ҚазҰУ Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхиты аймағындағы 650-ден астам жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста. 80-нен астам әріптестік байланыс өткен жылы орнатылды. Әлемнің 54 елінен 3928 шетелдік студент білім алуда.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия мен Қырғызстанға ресми сапары аясында Ыстамбұл, Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылды. 2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісілді. 12 қазанда филиалдың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы зертханалық сыныптар іске кірісті. Қара шаңырақ түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін қызмет атқаруда. Қара шаңырақта лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған.Ел ертеңі-білімді ұрпақ екенін ескерсек, өзімізге берілген барлық мүмкіндікті толық пайдаланып, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет атқару бізге ата-бабадан қалған мұра екенін жадымызда ұстау керек. Осы міндетті абыроймен алып жүру, жастар үшін басты мақсат деп есептеймін.
Абайдельдинов Т.М
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,з.ғ.к
Мейрханов Д.А
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының магистранты