Kazakh Tourism гидтердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді

Қазақстан туроператорлары өз гидтерінің біліктілігін арттыру бойынша Kazakh Tourism ұлттық компаниясына жүгіне алады.

Ол үшін ұлттық компанияда WFTGA (The World Federation of Tourist Guide Associations) сертификатталған ұлттық жаттықтырушыны тартуға дайын.

Осы аптада World Guide Day қарсаңында Алматылық ірі туроператорлардың бірі осындай мүмкіндікті пайдаланды.

Бұл тренингтің негізгі мақсаты гидтердің біліктілігін арттыру және турларды өткізу үшін қажетті практикалық дағдылар мен ептілікті жетілдіру, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі гидтерге қажетті қасиеттерді дамыту болды.

Бұл тренингте WFTGA сертификатталған ұлттық жаттықтырушысы Төлеу Медет болды. Тренингке қатысушылар экскурсиятану саласындағы дағдылары мен білімдерін жетілдіріп қана қоймай, тәжірибелі жаттықтырушыдан практикалық ұсыныстар мен кеңестер алуға мүмкіндік алды.

Жыл сайын Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны артып келеді. Сонымен қатар, 2024 жыл Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы болып жарияланды. Бұл қазақстандық гидтерді туристерге қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына дайындау мен дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

Бүгінгі таңда басқа қазақстандық туроператорлардан да тренингтер өткізу бойынша осындай сауалдар келіп түсуде. Дәл осындай бастама Қазақстанда туристік индустрияны дамытуға және туристердің өсіп келе жатқан ағымына қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандар даярлауға ұмтылысты көрсетеді.