Үндістанда Kazakh Tourism алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды
22 ақпанда Үндістан астанасында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Төрағасы Қайрат Сәдуақасов Оңтүстік Азияның ең ірі халықаралық туристік көрмесі – SATTE ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты рәсімге Үндістанның туризм басшысы, Индонезияның туризм және креативті экономика министрі, Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының PATA басшысы, Мәскеу, Беларусь туристік департаменттерінің басшылары және т.б. қатысты.
Көрме аясында Kazakh Tourism компаниясының Үндістан нарығы бойынша өкілі тағайындалды. Қайрат Сәдуақасов Salvia Promoters компаниясының басшысына тиісті сертификатты Прашант Чодриге (Prashant Chaudhary) табыс етті. Компания Орталық Азия мен Ресей нарықтарын ілгерілетуге маманданған.
Әр жылдары Salvia визалық орталық және ілгерілету кеңсесі ретінде біздің аймақтың бірқатар қалалары мен елдерін таныстырып келеді.
«Қазақстан туризмі үшін бұл халықаралық ілгерілеудің жаңа қадамы. Біз Үндістанда — әлемдегі ең перспективалы туристік нарықтардың бірінде — өз өкілі болатынына қуаныштымыз. Біз бұл тәжірибені басқа да мақсатты нарықтарға кеңейтетін боламыз», — деді Қайрат Сәдуақасов.
«Мен үшін Үндістандағы қазақстандық туризмді таныстыру үлкен мәртебе. Қазақстан – теңізге шыға алмайтын, әртүрлі ландшафттары, жанданған қалалық өмірі және бай археологиялық тарихы бар әлемдегі ең ірі ел.
Үндістан паспорттарының иелері үшін визасыз режимнің және Дели мен Мумбайдан Алматыға тікелей рейстері бар үш авиакомпанияның арқасында Қазақстан үнді саяхатшылары үшін қысқа рейстер үшін тамаша орын бола алады. Алматыдан басқа, үнді саяхатшылары Астана мен Шымкентке де бара алады, бұл Қазақстан туризмінің өсіп келе жатқан әлеуетін көрсетеді», — деп бөлісті Прашант Чодри.
Тараптардың келісімі бойынша Қазақстанға Үндістаннан туристік топтарды тарту, сондай-ақ Үндістан секілді ірі шығу туризм нарығында Kazakh Tourism мүдделерін білдіру мақсатында ынтымақтастық туралы айтылды.
Прашант Чодридің аумақтарды ілгерілету және маркетинг бойынша 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Ташкент Мемлекеттік Техникалық Университетінің түлегі және орыс тілін жетік біледі.
Сонымен қатар, Чодридің компаниясы жыл сайын өзінің барлық серіктестік бағыттары бойынша Үнді журналистерінің келуін ұйымдастырады. Бұл өз кезегінде Үндістанның жетекші газеттері мен журналдарында саяхат тақырыбында көптеген мақалаларының шығуына септігін тигізеді.
Тараптардың алғашқы бірлескен белсенділігі SATTE көрмесіне қатысу және алдағы уақытта биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында үндістандық тревел журналистердің Қазақстанға келуін ұйымдастыру болды.
Сарапшылардың болжамы бойынша Үндістанның шығу туризмі нарығы 2026 жылға қарай 50 миллионнан астам туристке жетеді. Бұл ретте, Прашант Чодри 2026 жылға қарай Қазақстан жыл сайын 500 мыңға дейін үнді туристерін қабылдай алатынын атап өтті.