Қазақстандықтар «Болашақ Ойындарында — Future Games 2024 «Counter-Strike 2 бойынша үздік атанды

Бес қазақстандық XGod командасының құрамында Казан қаласында (Ресей) өтіп жатқан «Болашақ ойындарында – Future Games 2024» «Counter-Strike 2 + лазертаг» бойынша турнир чемпионы атағына ие болды. Киберспортшылар жалпы жүлде қоры 500 мың доллар (225 миллион теңге) құрап отырған турнирде чемпиондық үшін күресті. Сонымен бірге  қазақстандық Сүлеймен Оразалы жарыстың үздік ойыншысы атанды. Xgod командасы жеңіске жету үшін 175 мың доллар (шамамен 80 миллион теңге) табыс тауып, финалда LFO (looking for Org) қарсыластар командасын 2:0 есебімен жеңіп шықты.. LFO екінші орын үшін 100 мың долларға ие болды. Үшінші орынды LoveKazan стримерлер командасын 2:0 есебімен жеңіп, Hotu иеленді.

XGod командасында қазақстандықтар Амангелді Сейіткалиев (icem4N), Сүлеймен Оразалы (dukefissura), Айдос Хайржан (kade0), Рүстем Телепов (mou) және Галеев Ильнар (cau), сондай-ақ  ресйелік Михаил Столяров (Dosia), Роман Кобзаев (Ivo) және Валерий Мұстафин ойнады (Vegas)  жаттықтырушы позициясында ойнады.

«Қазақстандық CS ойыншылары әлемдік аренада ежелден бері, осы ойынның алғашқы нұсқаларынан бастап өзін танытып келеді және бүгінде олар халықаралық турнирлерде жанкүйерлерді қуантуларын жалғастыруда. Қазақстандықтарды таңғажайып жеңісімен құттықтаймыз, мұндай жүлде қоры шын мәнінде киберспорт әлемі үшін  жоғары марапат болып саналады. Біз өз кезегінде Қазақстандағы киберспорт инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруді жалғастырамыз және жарыстарды жиі өткіземіз. «Болашақ ойындарының» Қазақстандағы  жалғасы да алыс емес, онда біз өзіміздің киберспортшыларымыздан үлкен  жеңістер мен әдемі ойындар күтеміз», — деп атап өтті Қазақстан киберспорт Федерациясының Президенті — Қуанышбек Есекеев.

«Болашақ ойындары – Future Games 2024 » 19 ақпан мен 3 наурыз аралығында Казанда  өтетіндігін естеріңізге саламыз. Турнир фиджитал форматында өтеді, оның барысында спортшылар физикалық және цифрлық мүмкіндіктер шегінде күреседі. Турнирге барлығы 260+ халықаралық жеке командалар (ұлттық құрамалар емес) және әртүрлі елдерден 2000+ қатысушылар қатысады. Жарыстарға геймдев, киберспорт, робототехника (дрон жарысы және робот шайқастары), кеңейтілген және виртуалды шындық, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы әзірлемелер кіреді. Жалпы 21 пән бойынша (16 негізгі және 5 кеңейтілген бағдарламада өтеді). Бұл ойындарға 13 пән бойынша 48 қазақстандық қатысты. Ойындардың жүлде қоры 900 млн.рубльді (4,5 млрд теңге) немесе (10 млн доллар) құрайды.