Түркістан облысында нотариаттық палата мен адвокаттар алқасы ғимаратының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті
Түркістанда облыстық нотариаттық палата мен адвокаттар алқасы ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған шараға арнайы Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Түркістан облысының адвокаттар алқасы ғимаратының жалпы аумағы 800 ш/м2, ал облысынық нотариаттық палата ғимаратының жалпы аумағы 711,11 ш/м2 құрайды.
Бұдан бөлек, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Түркістан облысының Әділет департаментінің ғимаратын аралап, қызметкерлермен кездесті. Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының материалдық — техникалық жағдайымен танысты.
Айта кету керек, Түркістан облысы аумағында жалпы саны 179 адвокат және 196 нотариус бар.