CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL: Тест-драйв және қазақ тіліндегі интерфейсі бар бірінші кроссовер

Астана Моторс-тың еншілес компаниясы Chery Kazakhstan 2024 жылдың бірінші жаңа өнімін – жеті орындық TIGGO 8 PRO MAX FL кроссоверінің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Модельдің тест-драйвы Sokol жарыс жолында өтті. Бұл жерде автоблогерлер мен журналистер жаңартылған Chery флагманының мүмкіндіктері мен артықшылықтарын бағалау мүмкіндігін алды.

Бұл нұсқаның ең маңызды жаңалығы бірауыздан қазақ тіліндегі интерфейс деп танылды – CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL Қазақстандағы дауыс көмекшісі, мультимедиа және аспаптар панелі жүргізушімен қазақ тілінде сөйлесе алатын алғашқы көлік болды.

«Қытайлық әріптестерімізбен алты айдан астам уақыт тығыз жұмыс істедік және нәтиже ретінде екі тілді микробағдарламаны ұсындық. CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL қазақ тілінде сөйлейді, жыл соңына дейін барлық Chery иелері үшін қазақ тілінде микробағдарлама дайындаймыз», – деді «Chery» компаниясы қазақстандық дистрибьюторының директоры Нұрлан Шамғонов.

2023 жылы шыққан “сегіздіктегі” жаңарту тілдің микробағдарламасы мен дизайнына ғана емес, сонымен қатар техникалық сипаттамаларына да әсер етті. Көптеген жаңа мүмкіндіктер жолаушыларға бағытталған, бұл жолаушыларға жүргізушінің деңгейінде ыңғайлылық сыйлайды.

CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL-дің өзінің алдынғы нұсқасынан негізгі айырмашылықтары:

  • массаж функциясы және алдыңғы жолаушыға арналған аяқ тірегіш;
    • көру бұрышы 540 градус болатын жан-жақты камералар;
    • үшінші қатар орындықтары үшін ауа ағынын реттеу;
    • офлайн навигатор;
    • екінші қатар орындықтарын атмосфералық жарықтандыру;
    • HUD (көліктің алдыңғы әйнегінде проекциялық дисплей);
    • 10 Sony динамигі + сабвуфер;
    • 9 қауіпсіздік жастығы;
    • кірістірілген видеотіркегіш;
    • 2 USB қосқышы + 2 C-Type қосқышы (алдыңғы және артқы қатарда);
    • Мультимедиа мен аспаптар панелін біріктіретін 24,6 дюймдік иілген экран;
    • жаңартылған артқы оптика;
    • Руль дөңгелегі мен беріліс қорабы селекторының жаңа дизайны.

Chery – «Астана Моторс» компаниясының дистрибьюторлық портфеліндегі нөмір бірінші қытайлық бренд және сатылым бойынша Қазақстандағы ең танымал қытайлық көлік. TIGGO 8 PRO MAX FL – Chery брендінің сәнді дизайнды, озық технологияны, жайлылық пен қауіпсіздікті біріктіретін флагмандық үлгісі.

Sokol жарыс жолындағы тест-драйв CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL қаладағы жүріс үшін де, алыс қашықтыққа саяхаттау үшін де тамаша таңдау екенін көрсетті. Қуатты қозғалтқыш, ыңғайлы аспа, кең интерьер және көптеген ақылды мүмкіндіктер бұл көлікті сапа, тиімділік пен инновацияны бағалайтындар үшін үздік нұсқаға айналдырды.

Chery дилерлерінде TIGGO 8 PRO MAX FL бағасы 13 500 000 теңгеден басталады.