18 наурыз – Ұлттық киім күні атап өтіледі
Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады. 14 наурыздан бастап Наурызнамның онкүндігі басталды.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан аумағында ұлттық киімнің сән-салтанатына арналып, қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған «Ұлттық сезім» флешмобы өткізіліп келеді. Бұл бастаманы көтерген YPO Kazakhstan төраға Қанат Көпбаев.
Бұл күні бірқатар ұйымның қызметкерлері, студенттер мен оқушылар заманауи стильдегі ұлттық костюмдер киіп, дәстүрлі аксессуарлар тағады.
Қазіргі таңда жобаны еліміздегі 100-ден астам компания, білім беру ұйымдары, Ұлттық спорт қауымдастығы мен оның федерациялары қолдап, қатысушылар саны 20000 адамнан асты және олардың саны күннен-күнге артып келеді.
Олардың қатарында Kusto Group, Tas Group, Chocofamily Holding, «BI Group», Astana Group, Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp, Magnum, АҚ, «ҚТЖ» ҰК», NKB Group, AlemAgro, Iron Plast Group, Jusan Mobile, Grata International, Банк Centercredit, Viled Group, Caspian Sea Support, Kazakh Speaking Club, Kusto Logistics, Zhebe Logistics сияқты компаниялар бар.
Білім беру мекемелері де бастамаға қосылды, олардың ішінде ҚазБСҚА, ХБК, Esil University, Zubanov University университеттері және Kau School, High Tech Academy мектептері . Бұдан басқа, ай сайын бастамаға бүкіл Қазақстан бойынша орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылары да қолдау білдіріп келеді.
«Ұлттық сезім» ұйымдастырушыларының айтуынша, жобаның басты мақсаты – салт-дәстүр мен мәдени мұраны сақтап, тарату, ұлттық киім қолөнері мен нарығын дамыту, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін жас дизайнерлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету.