Қазақстанда #Наурыз2024 онлайн-фестивалін бастайды
TikTok Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріндегі өз қолданушыларын көктемнің бастауы – Наурыз мерекесін кеңінен атап өтуге шақырады. Арнайы #Наурыз2024 хештегі арқылы қазақстандықтар онлайн-фестивальге қосылып, мерекенің ең тамаша сәттерімен бөлісе алады. Сондай-ақ ең үздік бейнебаяндардың авторлары бағалы сыйлықтарға ие болады.
Фестивальге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы қолдау көрсетіп, оған TikTok-тағы танымал контент авторлары да қатысады.
Қазақстанның әр шалғайындағы авторлар TikTok қысқа бейнебаяндар платформасына өздерінің ұлттық мәдениетінің сұлулығы мен байлығын әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған платформа пайдаланушыларына паш ету үшін келеді. Мысалы, қазірдің өзінде TikTok-та #kazakhstan хэштегі бойынша 2,3 миллионнан астам бейнебаяндар жасалған.
TikTok Қазақстанның ұлттық мәдениетіне үлкен көңіл бөле отырып, адамдарды өз шығармашылығымен бөлісуге, ұлттық дәстүрлерге қызығушылық танытуға шабыттандырады. Платформа қазақстандықтарға Наурыз мерекесін жақындарымен ғана емес, сонымен қатар платформаның орасан аудиториясымен бірге мерекелік көңіл-күймен бөлісуге мүмкіндік береді. Ал өткен жылы қолданушылар Наурыз мерекесіне орай 16 мыңдай бейнебаяндар түсіріп: сүйікті тағамдарының мәзірлерімен бөлісіп, елдің әр шалғайындағы мейрамдардан репортаждар жүргізіп, халықтық думанды көрсетіп, мерекенің тарихы мен оның әдет-ғұрыптары туралы әңгімелеп, дәстүрлі киімдердің көркемдігін паш етіп, платформаны ұлттық музыкамен толлтырған болатын.
Биыл да TikTok кең ауқымды виртуалды Наурыз фестивалін бастай отырып, қолданушыларын #Наурыз2024 хэштегімен бейнебаяндар мен фотоконтент жасауға шақырып отыр. Платформа қолданушыларды әртүрлі тақырыптар бойынша контент түсіруге: яғни, тағамдар әзірлеуден бастап ұлттық сән үлгілеріне дейін, аңыздар мен дәстүрлерден музыка мен биге дейін үндейді. Ең креативті бейнебаяндардың авторлары TikTok-тың бағалы сыйлықтарына ие болады.
Бұл бастама Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асады. Сондай-ақ фестивальге платформаның танымал креаторлары қосылмақ: мысалы, Қазақстан қалаларының мәдениеті мен тарихы туралы танымдық мазмұнның авторы Митя Байназаров @mbainazarov Наурыз шежіресі туралы бейнебаян жазса, ал домбырашы Белес @dombrart баршаға кеңінен танымал болған әндердің туу тарихын баяндайды .
«#Наурыз2024 жобасы Қазақстанның мәдениетін жаһандық тұрғыда ілгерілетуде маңызы өте зор. TikTok-тың миллиондаған қолданушылары қазақ халқының ғажайып мәдениеті, әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен таныса алады. Біз де осы жобаның арқасында бүкіл елдегі отандастарымыз сүйікті мейрамдарын бұрынғыдан ауқымды атап өтетіндіктері үшін қуаныштымыз», — деп атап өтті Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі
«Біз Наурыз мейрамына арналған онлайн-фестивальді екінші жыл қатарынан қолдап отырмыз.Өткен жылғы тәжірибе қолданушылардың байқауға ықыласпен қатысқанын көрсетеді. Мен #Наурыз-2024 фестивалі бұрынғыдан да танымал болатынына сенімдімін, өйткені, бұл біздің басты әрі сүйікті ұлттық мерекеміз. Сонымен қатар, биылдан бастап Наурыз мерекесін жаңа форматта, яғни Наурызнама онкүндігі аясында тойлағалы отырмыз. Жыл сайынғы диджитал-жоба халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін сақтауға септігін тигізеді деп ойлаймын. Биыл да талантты жерлестерімізден көптеген жарқын да әдемі контент көреміз деп ойлаймын», — деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.
«Өткен жылы TikTok қолданушылары Наурыз мейрамына арналған 16 мыңға жуық бейнеролик түсірген болатын. Қоғамдастықтың белсенді қатысуы мен қазақстандықтардың керемет шығармашылық рухының арқасында платформада тіпті, дәстүр мен заманауи әуендерді жарасымды түрде үйлестіретін бірегей музыкалық тренд пайда болса – бұл халық әні «Қамажайдың» ремиксіне орындалған би. Біздер #Наурыз2024 фестивалі барынша адамдардың басын қосып, шын мәнінде де салтанатты әрі есте қаларлық оқиғаға айналатынына сенеміз», — дейді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец.
#Наурыз2024 жобасының қорытындысы, үздік видеороликтер мен жеңімпаздардың есімі 22 сәуірде жария болады.