Қазақстан мен Рас әл-Хайма әмірлігі арасындағы байланыс нығая түседі

Рас әл-Хайма әмірлігінің туризмді дамыту департаменті Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында туризм саласындағы ынтымақтастықты орнату мақсатында үлкен шара ұйымдастырды.  Басқарманың жетекшілігімен түрлі туризм секторларының, әуе компанияларының, DMC компанияларының және қонақ үйлердің өкілдері нетворкинг сессияларын өткізді. 

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, 2023 жылы Рас әл-Хайма әмірлігіне туристердің келуі рекордтық көрсеткішке жетіп, 1,22 миллионға жетіп, шетелдік қонақтар саны 24%-ға өсті. Қазақстан бес жыл қатарынан Рас-әл-Хайма үшін екінші туристер көзі ретінде маңызды рөл атқарды. Әмірлік билігі қазақстандық туристерге отбасылық, экологиялық және іскерлік туризм (MICE) салаларындағы өнімдерді ұсына отырып, Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылуда.

Бұл ынтымақтастықтың маңызды сәттерінің бірі – Рас-әл-Хайма халықаралық әуежайына тікелей чартерлік рейстерді ашу. Бағыт желісін кеңейту жоспарлары, соның ішінде Қазақстаннан келетін саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін Рас-Әл-Хайма әуежайына тікелей чартерлік рейстерді ашу жоспарлары талқыланды. Қазіргі уақытта Қазақстан мен әмірлік арасындағы әуе қатынасы Дубай немесе Шарджа арқылы жүзеге асырылады, бірақ жаңа рейстер саяхатты одан да қолжетімді және ыңғайлы етеді. Әмірлік Туризмді дамыту департаментінің вице-президенті Иад Расбей Оманның Туризмді дамыту басқармасымен (OMRAN Group) бірлесіп, Омандағы Рас әл-Хайма мен Мусандам провинциясына бірегей саяхат тәжірибесін ұсынатын 2024 жылғы жазғы «See Double» жарнамалық науқаны басталғанын жариялады.
Әмірлік Туризмді дамыту департаментінің вице-президенті Иад Расбей:
«БАӘ кез келген тұрғыдан өте қауіпсіз мекен. Бұл бүкіл әлемде мойындалған және халықаралық ұйымдардың әр түрлі қауіпсіздік сертификаттарымен расталған. Біздің мәдениет өте бай, көптеген көрікті жерлер ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Оның ішінде Suwaidi Pearls інжу орталығы туралы айтып беремін. Осы жерден сәнді інжу-маржан дүние жүзіне жөнелтіледі. Зергерлер оларды ең әдемі бұйымдарына сатып алады. Теңіз жағалауы меншексіз шөлді даладағы демалыс көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Балық аулау, сүйікті сафариден бастап шөлдің үстінде әуе шарларымен ұшуға және араб жылқыларына мінуге дейін қызметтер қарастырылған»